Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 4751 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 21:00

ЭКС-МИНИСТР БИШІМБАЕВ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды  деп хабарлайды Абай-ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына сілтеме жасай отырып.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 8 ай ҚР Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев әлдебір топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін тұтқындалған.

Заңсыз түрде алынған ақшалай қаражатты ол өз қажетіне жұмсаған. Бишімбаев ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. 

Abai.kz

0 пікір