Жұма, 29 Наурыз 2024
Қауіп еткеннен айтамын 3665 0 пікір 11 Қаңтар, 2017 сағат 10:12

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЦОН» ДҮРБЕЛЕҢІНІҢ CОҢЫ НЕМЕН БІТЕДІ?..

АҚШ-тағы президенттік сайлауға Ресей президенті В. Путиннің тікелей араласқанын, осы елдің жаңадан «сайланды-мыс» деген президенті Д. Трамп  кеше түнде ашық мойындағаны турасында баспасөз атаулы жарыса жазып бастады.

«Ресейдің, оның «күн» көсемінің біздің елдегі сайлауларға дәл АҚШ-тағыдай араласып, өзінің ықпалындағы азаматтарға жеңіс әперіп  отырмағандарына кім кепіл?»деген ойға осындайда еріксіз қалады екенсің.

Мынадай жағдайдан кейін көп ұзамай, АҚШ-та үлкен дүрбелең басталуы әбден мүмкін...

АҚШ-тың енді өліп бара жатса да Ресейді жайына қоймайтыны даусыз. Алып Ресейде азаттығын аңсап отырған қанша ұлттар мен ұлыстар бар. Енді солар қозғалады деген сөз...

Демек, Ресейдің тағдыры қыл үстінде. Олардың «құдайларының» жағдайы күрт нашарлайтыны айтпаса да түсінікті жағдай. Ол «құдайға» әбден арқа сүйеп, әбден жаман үйреніп алған біздің биліктің жайы не болмақ...

Ішкі істер министрі генерал Қасымовтың: «Есіктеріңді ашпасаңдар, кірудің басқа жолын қарастырамыз»» деп қанша байбалам салғанымен, әлемдік саясаттағы мына жағдаймен тұспа-тұс келген қазіргі Қазақстандағы бүкіл елді әбігерге салып қойған «ЦОН дүрбелеңінің» ақыры да жақсылыққа апарып соқпайды...

Сонымен, тарих біздің қазаққа, бүкіл әлемге  не сыйлайды, күтейік...

Бір жағында АҚШ, бір жағында Ресей бүлініп жатқанда, тентіреп кетудің аз-ақ алдында тұрған қазақтардың ауыр жағдайы, сонымен бірге шылқа майдың үстінде отырған, біздің діннен, тілден безген кейбір шенділеріміздің ұйқысы да түзу бола қояды дегенге итім сене ме?.. 

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621