Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2990 0 пікір 11 Қаңтар, 2017 сағат 11:08

Ташкентте Мирзияев резиденциясының құрылысы басталды

Өзбекстан астанасында елдің жаңа президенті Шавкат Мирзияев резиденциясын тұрғыза бастады.

Ғимарат Ташкент орталығында - Шараф Рашидов және Бешёгоч көшелері аралығында салынады. Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, құрылыс 5 қаңтарда басталған.

Мирзияев Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің "Ок сарой" резиденциясына кірмеді. "Ақ сарайда" мұражай орналасатын болды. Мирзияевтің жаңа кеңсесі "Ок саройдың" дәл артында тұрғызылады.

Өзбекстандық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, мемлекет басшысы "Дүрмен" және "Көк сарай" резиденцияларына кірмейдін болды. Бұл сарайларға кезінде Кәрімов тұрған.

Қазір Мирзияевтің жұмыс кеңсесі Ташкенттегі "Мустакиллик" алаңындағы парламент сенаты ғимаратының екінші қабатында орналасқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558