Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3273 0 пікір 11 Қаңтар, 2017 сағат 11:14

Атамбаев жайлы сыни пост жазғандарға ескерту жасап жатыр

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы 11 адамды Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) шақырып, елдің президенті Алмазбек Атамбаевтың атына сыни пост жаздыңдар деп қатаң ескерту жасаған.

Созақ ауданының 4, Базар-Коргон ауданының 5 және Аксый ауданының 2 адамына ескерту жасалған. Аталған адамдар осыдан кейін әлеуметтік желілерге пост жазуды доғарған.

МҰҚК басқармасының өкілдері болса, бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

БАҚ осыған дейін елдің МҰҚК қызметкерлерінің президент атына сын жазатын ондаған Facebook қолданушыны анықтағанын жазған. Алайда бұл адамдардың IP-адресі елден тысқары жерді көрсеткен.

Абай-ақпарат

0 пікір