Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қарбалас 2942 0 пікір 12 Қаңтар, 2017 сағат 12:21

УАҚЫТША ТІРКЕУГЕ ТҰРМАҚ БОЛҒАН ҚАРИЯ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақытша тіркелу үшін кезекте тұрған ақсақал жан тапсырған. Алматы облысындағы Іле аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге келген тұрғын оқыстан қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

60 жастағы азаматтың ұзын-сонар кезекте тұрған сәтте жүрегі сыр беріпті. Алайда дереу жедел жәрдем шақыртылғанымен, марқұмды ажал аузынан арашалап қалу мүмкін болмаған.

Аяғы жоқ 3-ші топтағы мүгедек құжат рәсімдеу үшін Боралдай кентінен ұлымен бірге келген екен. Ал оқиға куәгерлері орталықта құжынаған халықтың қарасы көп екенін айтуда. Яғни тіркеуге тұрамыз деп келгендерге бар жоғы екі-ақ маман қызмет көрсетіп үлгере алмай жатыр дейді. Соның салдарынан, жұрт сағаттап кезек күтуге мәжбүр болған. Ал халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары марқұмның қандай жұмыспен келгенін де білмейміз дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір