Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Білгенге маржан 3638 0 пікір 14 Қаңтар, 2017 сағат 13:59

САТЫП АЛЫНҒАН АУРУҒА ЕМ ЖОҚ!

Фастфуд – үлкен табыс көзі. Көп ақша жүретін жерде адамдардың денсаулығына кім алаңдайды??? 

Фаст-фуд (ағылш. fast food – жылдам тамақ) – шапшаң тамақтану тағамы. Формат заңы бойынша тамақты әзірлеу мен сатып алу арасындағы уақыт 10 минуттан аспауы керек. Әлеуметтік зерттеулер барысында қазақстандық балалардың 13 пайызы фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолданатыны белгілі болды. Жедел дайындалатын тағам өнімдерін қолданушылар саны қалада 13,7      пайызды, ауылдық жерлерде 13,3 пайызды құрайды. Шамамен, республика бойынша күніне фаст-фудты кеміне бір реттен балалардың асына тұтынады. Ол зерттеуді   салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығы жүргізді. Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Соның салдарынан ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген. Өкініштісі сол, соңғы кезде асқазаны ауыратындардың дені жастар. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабынуы, ойық жараның асқынуы секілді дерттер. Фастфудқа бір жақындаған адам құмар болып алады.«Мен оған кез келген уақытта жоқ дей аламын» деу бекершілік. Себебін айтайық. Фастфуд физиологиялық әрі психологиялық тәуелділікті қамтамасыз етеді. Фастфудта болатын ащы әрі қышқыл дәм тілге тигенде бірнеше рецепторды қозғайды. Адам тағамның негізгі дәмін сезбейді де. Қант тек қант рецепторына барып орналасады. Тұзды жерін ол қабылдамайды. Ал фастфуд болса, тілге барлық дәмді сездіреді. Бұл оның құрамындағы кетчуптың арқасында. Американдықтар кетчупты «tastekiller» - дәмді өлтіруші» деп атауы да бекер емес. Себебі, бір мезгілде ащы әрі қышқыл бола алады. Бұндай соус қосылған тағамдар, мейлі ол тұзсыз, дәмсіз тағам болсын, сүйіп жейтін тағамыңызға айналып шыға келеді. Баланың бәрін қабылдағыш келетін ағзасы соус пен дәмдеуіштерге тез үйренеді. Жай тұздалған әрі ащы емес тағамдарға олардың тәбеті болмайды. Фастфудтың әсерін наркотикалық заттардың әсерімен салыстыруға келеді. Бала кезде әуес болғандардың одан арылуы қиынға соғады. Сондықтан балаларыңызды дер кезінде зиянды тамақтан сақтап, дұрыс тамақтануды дағды қылып, үйреткеніңіз абзал!

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1683