Жұма, 19 Сәуір 2024
4248 0 пікір 16 Қаңтар, 2017 сағат 15:57

ХҚКО-ДАҒЫ АДАМ ӨЛІМІНЕ ДЕПУТАТТАР КІНӘЛІ ЕМЕС ЕКЕН

2017 жылғы 16 қаңтарда Алматы қаласының Алатау аудандық ХҚКО-сында қайғылы жағдай орын алып, 53 жастағы азамат қаза болды. Азаматтарды уақытша тіркеу дауы басталған алғашқы екі аптаның өзінде ХҚКО-дан екі азаматтың мәйіті шығып отыр. Осыған дейін Алматы облысындағы Іле аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге келген ақсақалдың оқыстан қайтыс болғаны хабарланған еді.

Әрине, дағдарыс қысып, ЭКСПО жақындап, терроризм қаупі ұлғайған кезде азаматтарды тіркеуге алу мемлекет үшін аса маңызды міндет шығар. Бірақ, осы Заңды шығарушылар елдің жағдайымен толық санаспағаны анық байқалады. Тіпті, депутаттар заңның адам өліміне себепкер бола бастағанын біле сала кінәнің бәрін қара халыққа аудара бастады.

Мәселен Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Алматы қаласындағы Алатау аудандық ХҚКО-да қаза болған азаматқа қатысты ойын білдіріп, өздерінің "кінәсіз" екендіктерін мәлімдеген.

ИА «NewTimes.kz» басылымының жазуынша аталған депутат былай деген.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

- «Қазақстанда уақытша тіркеу жүргізіліп жатқандықтан, ХҚКО-да адам өлімі болып жатыр деп ойлайсыздар ма?!. Е, адам қайтыс болыпты, дәл осындай денсаулығының сыр беру салдардан ол өз үйінде де, басқа жерде де көз жұмуы мүмкін еді. Бұл сұрақ бойынша жедел-жәрдемнің дәрігерлеріне хабарласыңыздар. «Мен бұл мәселеде кінәмізді сезініп отырған жоқпын. Біз көптеген заң қабылдаймыз, және аталмыш заңды өндіріске жібереміз. "Бүгінгі күні ешкім уақытша тіркелудің дұрыс жүргізілмей жатқанына күмән келтіріп жатқан жоқ" деп айтуға болады. 

Депутаттың сөзіне сенсек, соңғы екі аптадағы екі азамат та өз кінәсінен қайтыс болған. Сондықтан, осыдан кейін уақытша тіркеудің дауына қатысты мәселеде халық депутаттарды емес, "жедел жәрдемді" көмек сұрағаны дұрыс сияқты. 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір