Жұма, 29 Наурыз 2024
9196 0 пікір 17 Қаңтар, 2017 сағат 12:00

ЖАНҰЗАҚ ӘКІМ. ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ОТЫР?

Аяулы жарым ӘКІМ Бақытжамал

(Фатиха) Сарыбайқызының рухына

 

I. «Уақыт белдеуінің» өркениеттері

Қазақстан ұлттық мемлекетін құрушы Қазақ Ұлтының (нация) бүгінгі қалыптасуы мен болашақтағы дамуындағы маңызды мәселесінің бірегейі - ол халқының сапасын көтеріп, санын өсіру яғни демографиялық мәселесін оң шешу болып табылады. 

Г.В.Ф.Гегель, “Ұлттың тірегі Құдай идеясын құрайтын негізге сүйенеді. Мемлекеттің ерекше формасы, оның құрылымы діннен шығады... Халықтың рухы ерекшеленген және дәл жекеленіп анықталған. Оның сана-сезімі әр саладан алынады; сол белгілі сана-сезімге ол өзінің саяси құрылымы, өзінің өнері, өзінің білімімен келеді...  Халық өзінің мифологиясын анықтаған жағдайда ғана өмір сүреді. Ол мифология халық қалыптасқан жағдайда ғана пайда болуы мүмкін, ал әзірге халық көрінбей адамзаттың ішінде шырмалып жатқанда жарық дүниеге шыға алмайды. Халық өзінің тәуелсіздігін алып болмаған, бөлініп шығу және қалыптасу жағдайында осындай пайда болу болады. Тіл халықпен бірге пайда болады” дейді (1).

Үш ғасырға созылған отарлық және тоталитарлық жүйенің шырмауынан шыққан тәуелсіз Қазақстанның негізі берік, көршілерімен тең саясат жүргізіп, мемлекеттің ғұмыры мәңгі болуы ұлттың саны мен сапасына тікелей байланысты. 

Қытай, Үндістан сияқты халқы тез өсетін шығыс халықтарына қарағанда қазақтың саны өспеуінің бір себебі көшпенділерге тән шаруашылықты рациональды жүргізумен қатар, отбасы санын шектеуге негізделген кезден қалған «дәстүр», соның айналасындағы заман өзгерсе де көнеден өзгермей келе жатқан тиымдар.

Қазір біздер, саны 1,23 млрд Үндістан мен 1,45 млрд Қытай халқының тез өсуіне, қала берді соңғы 25 жылда саны 53%-ке өсіп, 20-дан 31,8 млнға жеткен өзбек ағайындарға таң қалудан басқа амал қалмауда. Менталитеттері мен дүниетанымдары қазаққа жақын осы шығыс халықтарының Алаш ұрпақтарынан айырмашылығы неде?! Оны түсіну үшін басқа халықтарда осы мәселенің қалай шешілетінін тарихи тұрғыдан саралап, оны өзімізге пайдаланып көрейік.

Г.В.Ф.Гегель, «Қытай мен Үндістанды мәңгі ел», дейді (2). Оның себебі, олардың саны өте көп болғандықтан бұл елдерді ешбір жау ала алмауында. Керісінше, олар сырттан келген кез-келген жауды өзіне сіңіріп (ассимиляция) алады.

Бұл екі халықтың санының осыншама өсуіне не себеп болды?

Қытай халқының «өсу феномені» б.д.д. VI ғ. пайда болған «Дао махаббаты» («Дао») философиясынан басталады. Ол ілім бойынша «Даоны» меңгерген адам ол жасы мен жынысына қарамай жыныстық қатынастың қыр-сырын меңгерген, қазіргі тілмен айтқанда жаны мен тәні сау, әрі үйлесімді («сексуальный») тұлға болып танылады. Бұл ілімді меңгерген мүгедектердің өзі (қол, не аяғы жоқ т.б.) одан хабары жоқтардан гөрі жыныстық қатынаста тартымды болып саналады және оны меңгерген 70-тегі адам 20-25 жастағылармен жыныстық қатынаста тең болады, яғни ол жерде адамдардың бәрі тең, жасқа т.б. ешқандай шектеу қойылмайды, барлық қатынас янь мен инь (жан мен тән) қосылуынан болатын гармониялық үйлесімге негізделген. Ұлттық философияға айналған Дао махаббаты ілімі көне қытайлықтардың санасын түпкілікті өзгертіп, олардың тез қарқынмен өсіп-өнуінің негізі болды.

1950 жылдары 450 млннан астам қытайлықтардың саны соңғы 70 жылда бір миллиардқа өсті.

Сонымен қатар, б.д.д. І ғасырларда басталған Қытай мемлекетінің ішіндегі басқа халықтарды және көрші елдерді жаулап алып ассимиляциялау саясаты бойынша 1912 жылға дейін Қытайды алты ғасыр билеген манжур немесе қарақытайлар (түркілердің бір тармағы) тілдерінен айырылып хансулық болып кетті. Хұбылай ханның кезінде (б.д. XIVғ.) қытайлықтар отарлаушы монғұлдарды да ассимиляциялады. Масимидің деректері бойынша ұйғырдың жартысынан астамын бірнеше ғасыр бойы зорлықпен елдің оңтүстік өңіріне көшіру арқылы қытайландырған...

Б.д.д. І мыңжылдықта Ғұндар мен Қытайдың арасындағы шекара Хуанхэ өзені арқылы өткен. Одан бері Қытай жерін екі есе үлкейтіп қазіргі территорияны иемденсе, түркілер соншама жерден айырылды. Қазір Шығыс Түркістанды өзінің тарихи атауымен атауға тиым салынған және ондағы 50 миллионға жуық түркі (ұйғыр, қазақ, өзбек, қырғыз, татар т.б.) халықтары ассимиляциялануда.

Б.д.д. 2700 жылдары көне ғұнның астанасы Ордостан барған Хуанди, 30 нөкерімен алғашқы Қытай мемлекетін құрып, жазуды үйретті. Қытай ғұндардан темір мен сүйек өңдеу (алғашқы Қытай өркениеті Гансу, Шенси т.б. қалаларда Тьер Да-Шарден тапқан), Тәңірдің құдіретімен болған император яғни мемлекеттік басқару жүйесі, Мүшел күнтізбесі,  аруақтарға сиыну (Конфуций ілімінің негізі), ұлттық таңба-тотем айдахарды (жылан) т.б. көптеген жаңалықтарды сүліктей сорып алғанымен, өздері істеген жаңалықтардың ешқайсысын шетке, оның ішінде көрші ғұн-түркілерге бермеді (2а). Ғұндар (түркілер) Қытайдың осы саясатына қарсы еш амал таба алмағандықтан жерінен, елінен, мемлектінен, санынан айырылып келеді.

Оның негізгі себебін Күлтегіннің, «Біз де қытайлар сияқты қалалар салайық» дегенде, оған Тоныкөктің, «Сенің халқың қытайдың небәрі 2%-ын құрайды. Егер қала салсаң олар ертең ақ жаулап алады» деген жауабынан көреміз. «Көп қорқытады, терең батырады» деген осы. 

ҚХР заңы бойынша ханзуға тұрмысқа шыққан басқа ұлттың қыздары бірден қытайлық болып шығады. Сондай заң қабылдауға қауқарсыз біздің билік пен Парламент жерді шетелдіктерге беру, ЕвраЗЭС-ке кірердегі елге тиімсіз заңдар қабылдауда алдарына жан салмайды.

Үнді халқы санының өсуі Будда дініне және б.д. ІІІ-ІV ғ. Гупт мемлекетінде пайда болып тараған Ватьясяянаның кама тақырыбына яғни сезім, эмоциональдық өмір, (вожделения), махаббатқа арнаған көне үндінің Камасутра трактаты зор әсер етті. Камасутрада махаббат тақырыбы, оның адам өміріндегі рөлі, қыз бен жігіттің және семьядағы әйел мен еркектің қарым-қатынастары, үйлену тойы, жақсы азамат болу, жыныстық қатынастар («Құдайдың әрекеті» ретінде) сипатталады.   

Ватьсьяяна бойынша жыныстық қатынастың ешқандай ұяттығы жоқ, бірақ онымен жеңілтек айналысу – ол күнә болып табылады. Камасутраның 64 бөлімінің бестен бірі ғана жыныстық қатынастарға арналған.

Оның халыққа кеңінен тарағаны Үндістандағы Будда храмдарында камасутра яғни жыныстық қатынастың 85 позасының «Құдайдың әрекеті» бейнесінде таста бейнеленуі. Ол жыныстық қатынасты Құдайдың деңгейіне дейін дәріптеу болып табылады. Ол әрине, «Қызға қырық жерден тиым салатын» қазаққа жат ұғым. Бірақ, осы жыныстық қатынасты Құдайлармен теңестірудің арқасында үнді халқы соншама өсіп-өніп, ұлы мемлекетке айналып отыр.

Жаратқанның өзі адам дене мүшелерін, оның ішінде жыныс органдарын, - ол өсіп-өнсін, үйреніп өзін-өзі танысын, дүние мен өмірдің қызығын көрсін, бақытты болсын, ұлт болып дамысын деп жаратқан. Жыныстық қатынассыз, сезім толық емес, онсыз махаббат та болмайтыны аксиома! Жыныс органдары (простатаны екінші жүрек дейді) ми мен жүрек сияқты толыққанды органдар. Ұрпақ жалғастығы яғни тіршілік көзі сол органдар болғандықтан, олардың рөлі басқалардан әлдеқайда маңызды екенін жоғарыдағы көршілер ерте түсінген.

Үнді фильмдерінің негізгі атрибуттарына айналып, әлемге таралған шығыс өнерінің мақтанышы «қыз-келіншектердің ішпен билеу» өнері мен қыздардың кіндігін ашып жүруі Кама ілімімен қатар дамуда. 

Ал, қазақ болса Құдайдың беріп тұрған риздығы – перзент өсіруге дәрменсіз болып қалуда және бұл мәселені шешуде көрші Қытай мен Үнді халықтарынан 2,0-2,5 мың жылға кейін қалды және ұлттың өсу мәселесіндегі сананы өзгертпесе, онда әлі қала бермек.

Барлық қасиетті кітаптарда адамды және халықты Құдай жаратты дейді. Исламда адамның жыныстық қатынасы, семья мен ұрпақ мәселесіне жүйелі және терең көңіл бөлінген. Құран Кәрім мен хадистерде Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың жыныстық қатынасты реттеу, бір үйде төрт әйел болса олармен арадағы семьялық қатынастардың кезегі, менопауза кезіндегі әйелдің гигиенасынан бастап, семья мүшелерінің арасындағы көркем мінез бен бала тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу (мысалы, «бақыт деген ананың табанында», «анаңды Меккеге арқалап барсаң да борышыңнан құтылмайсың» т.б.) т.б. көп көңіл бөлінген. Ислам ілімі бойынша ұрпақ санының өсуіне барлық жағдай жасап, оның тежеуге ешқандай шек қойылмайды. Тіпті, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жастардың ерте жаста үйленіп, көп перзентті болу керек екенін де өсиет етіп кеткен. 7-8 ғасырларда мұсылмандар өзгелерден қарағанда әлдеқайда саны аз еді, бүгінде мұсылман дінін ұстанатын ұлттардың саны тез өсіп, бүгінде әлем халықтарының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, дінге бізден әлдеқайда берік өзбек ағайындар жақсы қарқынмен өскенде, қазақтың өсе алмауы біздің ислам өркениетін толыққанды қабылдай алмай отырғанымызды көрсетеді. Бұл жерде мәселе дінде емес, қазақтың керітартпа жоралғылары мен заманға сай келмейтін кейбір ұғымдарында.

(жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596