Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4795 0 пікір 23 Қаңтар, 2017 сағат 11:09

ХЕХ, ПЛАНЕТАНЫ ҚОРҒАЙМЫЗ ДЕЙДІ ҒОЙ...

"Біз сондай маңғазбыз. Сондай тәкаппармыз. Бәріміз әйтеуір бірдеңені қорғағалы жүрміз. Ағаштарды қорғайық, араларды қорғайық, киттерді қорғайық, биттерді қорғайық. Тәкаппарлық дегенге дауа жоқ екен. Планетаны қорғауға шықтық енді. Планетаны қорғайық!? Қуасыңдар ма? Планетаны қорғамақпыз ба? Біз өзімізді қорғай алмаймыз ғой, көкем-ау; біз бір-бірімізге қалай қамқорлық жасауды да білмейміз ғой әлі. Сөйтіп жүріп планетаға қамқор болмақпыз ба?.. Және ең бастысы, планетамызға төніп тұрған бәле де жоқ. Планета аман-сау. Адамдар ғой қатерлі науқасқа шалдыққан. Адамдармен салыстырғанда, жер шарының жағдайы өте жақсы. Төрт миллиард жылдай боп қалды, дөңгеленіп жүріп жатыр. Өз жолымен. Біз ол жолдан шығып, лағып, қуып кеткен. Хех, планетаны қорғаймыз дейді ғой..."

Джорж Карлин, америкалық сықақшы

Мұрат Есжанның Фейсбуктегі парақшасынан

0 пікір