Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Деп жатыр 4290 0 пікір 23 Қаңтар, 2017 сағат 16:11

ГЕНАНЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?!

Америкалық FirstClassBoxing.com сайтының журналисі Джейк Коллинс америкалық боксшы Дэниел Джейкобске (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) қарсы қалай жұдырықтасу керегін айтты деп жазды ҚазАқпарат. 

 

«Джейкобс Головкинді 12 раундта жеңе алмайды. Бір ғана тәсіл бар, бірақ ол өте қауіпті. Одан басқа жол жоқ. Энди Лидің болжағанындай, Джейкобс 3-4 раундқа ғана дайындалғаны жөн. Тек бастапқы раундтарда ғана ол Головкинге соққы бере алады. Әдетте Геннадий айқасты өте жай бастайды және ең басты мәселе - Геннадий қарсы шабуылға мықты - ол ең мықты деген Мартин Мюррейді ұрған», - деп жазды Коллинс.

Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір