Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 3986 0 пікір 24 Қаңтар, 2017 сағат 10:45

АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Ақтаудағы Маңғыстау аудандық соты 23 қаңтарда Oil Construction Company (ОСС) мұнай сервистік компаниясының 28 жұмысшысын 3,5 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот 6-22 қаңтар аралығында мұнайшылар ашыққан уақытта жұмыс беруші осыншама шығын шеккен деп есептейді.

Маңғыстау облысындағы сервистік компанияның жұмысшылары қаңтар айының басында тәуелсіз кәсіподақ конфедерациясының жабылуына қарсы шығып, аштық жариялаған еді.

Судья Жасұлан Салиевтің мәлімдеуінше, аштыққа қатысқан ОСС жұмысшылары сотқа шағымданушыға 3 миллион 594 мың 354 теңге төлеуі керек. Шағымданушы соттан жұмысшылардың жиын өткізу тәртібі туралы компания актілерін сақтауды міндеттеуін сұрады.

Жұмысшыларды аштық акциясына үгіттеді деп айыпталғандар соттан отырысты кейінге шегеруін сұрады, өйткені олардың шағыммен танысуға және адвокат жалдауға уақыты болмаған. Судья Салиев 15 минуттық үзіліс жариялап, азаматтық іске адвокаттың қажеті жоқ деп шешті. Жауапкерлер сотқа сенімсіздік білдіргенімен, олардың өтініші қабылданбады. Сол себепті жауапкерлер сөз таластыруға қатысқан жоқ, бірақ сот шешіміне шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Мұнайшылардың аштық акциясына жүздеген жұмысшы қатысты. 19 қаңтарда жергілікті сот оны заңсыз деп таныды. Ақтаудағы наразылық акциясын Қаламқас және Жетібай мұнай кен орнындағы мұнайшылар қолдады. Наразылық акциясы OCC жұмысшыларының кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусінов пен кәсіподақтың еңбек жөніндегі инспекторы Нұрбек Құшақбаевтың ұсталуына байланысты тоқтады.

Абай-ақпарат

0 пікір