Жұма, 19 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4266 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 18:12

ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСҚА АРНАЛҒАН 5 ЕЛ

Қыс мезгілі келгенде көпшілік адам демалысын қай жаққа барып өткізуге болатыны туралы ұзақ ойланады. Cайтымыздың оқырмандарына қысқы демалысқа арналған 5 елдің тізімін ұсынамыз.


Ең әуелі, сіз демалыстың қай түрін жақсы көресіз? Қайсысы сіздің жаныңызға жақын? Осыларды анықтап алу керек. Біреулер теңізге барып демалғанды ұнатса, енді береулері тау шаңғысы бар демалыс орындарын ұнатады. Біз мәселенің екі жағын да, яғни, қыс қызықтарына қанығу және төменгі температурадан қашып жылы елдерде демалу жайын қарастырдық.

1. Таиланд. Дәл осы елге ТМД елдерінің тұрғындары көптеп келеді. Тіпті, мұнда қыс мезгілінде де теңізге шомылуға, күнге қыздырынуға, экзотикалық жеміс-жидектерді жеуге болады. Айтпақшы, азық-түлік пен тұрғын үйлердің бағасы жазғы уақыттың бағасына қарағанда біраз арзандатылған. Егер сіз қысқы суық температурадан қашсаңыз осында келіңіз!

2. Норвегия. Қыс қызықтарын жақсы көретін жандар үшін бұл жерде шаңғымен сырғанауға, мұзға сырғанауға, аздап балық аулауға болады. Норвегия елінің табиғаты ешқашан таңғалдырмай қойған емес. Демалыс үлкендерге де, балаларға да ұнайтыны сөзсіз. 

3. Египет. Қыста теңіз температурасы шамамен 22-23 градусты көрсетеді. Бұл елді негізінен төмен бағаға өмір сүруге ыңғайлылығы және визалық тәртібі үшін таңдап жатады. Қысқы уақытта қызыл теңізге барып демалуды қалайсыз ба? Қаласаңыз – Египет сіз баратын жер! Ондағы ойын-сауықтың ең танымал түрі – дайвинг. Ал, егер жайлы да тыныш демалысты қаласаңыз экскурсия жасап, пирамидаларды қарауға барсаңыз құба-құп.

4. Хорватия. Отбасылық демалыстың ең ұтымды да үнемді түрі. Егер балаларыңыздың демалыс уақыты тиімді де қызықты өтсін десеңіз Хорватияға барыңыз! Аласа таулар мен еңіс жазықтар жаңадан келушілер мен балаларға арналғандай әсер қалдырады. Тау шаңғысы спортымен айналысқан кезде жарақат алу қаупі өте аз боп келеді. 

5. Гоа. Гоа Индияның ең кішкентай штаттарының бірі. Бұл ел түнгі өмірді сүйетіндер үшін таптырмас мүмкіндік. Құмды жағажай, сәнді қонақүйлер, дискотека секілді шағын тізім келуші туристерді күтеді. Бұл жер шығыстық талғам мен еуропалық мәдениетке сай орайластырылған өзінің таңғаларлық сипатымен ерекшеленеді. Естен кетпестей демалысты қаласаңыз Гоаға барыңыз!  Ал, сіз қайда барып демалғыңыз келеді? Қай елге баруға кеңес бересіз?

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір