Жексенбі, 14 Тамыз 2022
Тарихтың бір күні 6424 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 21:35

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ: МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Қазақстанда Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлі күшейтіледі. Бұл туралы бүгін отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез  келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағы ойлай отырып осындай байлам жасадым.  Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден,  Президенттің  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн деп санадым», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі кезде Парламенттің сесссиясының аяғына дейін енгізуі тиіс.

#t" type="application/x-shockwave-flash">#t" />

«Екіншіден, одан да күрделі міндет билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды Конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия үкімет құрамын анықтауда түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл Министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Тиісінше биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтетін болады. Айтылған осы екі бағыттың қай-қайсысына да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы  мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтеді. Жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп  қоғамдық талқылаға шығару үшін  ұсыныстар жиынтығын әзірлеуі қажет», - деді Назарбаев.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2286
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2052
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1736
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2788