Бейсенбі, 29 Ақпан 2024
Деп жатыр 4536 0 пікір 26 Қаңтар, 2017 сағат 17:52

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚЫЗ РЕСЕЙ ЕЛІН БАҒЫНДЫРУДА!

Бокстан Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері Фируза Шәріпова Ресейдің Жуковка кентіндегі Флойд Мейвезер атындағы бокс академиясында шеберлік сабағын өткізеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Фируза Шәріпова Академия директоры Олег Жадобинмен кездескен кездескенде, ол боксшы қызға осындай ұсыныс айтқан. Шеберлік сабағы 23 ақпан күніне жоспарланған. "1 сағат көлемінде өтетін мастер-классқа келем деушілерге есік ашық, тегін өтеді. Шеберлік сабағына жасына, спорттағы мәртебесіне, дайындық деңгейіне қарамай, кез келген адам келе беруіне болады», - дейді Фируза агенттік тілшісімен әңгімелесе отырып. Фируза Шәріпова сондай-ақ бізге бүгін фотосессия өтетінін де хабарлады. «Олег Жадобин атап өткендей, бұл фотосессия көп басылымдарға таптырмас сурет болады екен. Суреттерімді Академияның баспасөз қызметі таратады", - дейді Фируза.

Фируза Шәріпова Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол кәсіпқой бокста үш рет рингке шыққан. Екі кездесуде жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліс тапқан. Қазір спортшы Мәскеуде жаттығып жүр.

 

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1640
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1710