Сенбі, 20 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4807 0 пікір 26 Қаңтар, 2017 сағат 19:34

ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР

Ғалымдар ең “әділетті” және ең “әділетсіз” мемлекеттерді анықтады.


Нәтижесінде ең әділ ел қатарына Ұлыбритания мемлекеті, Еуропаның өзге де елдері, сонымен қатар ОАР, АҚШ жатады екен. Бұл туралы newskaz.ru-ға сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Ал қытайлықтар, түріктер мен үндістер өтірікке бір табан жақын көрінеді. Британдық әлеуметтанушының айтуы бойынша адамдар, әсіресе, Түркия мен Қытай азаматтары анкета толтыру кезінде өтірік жауап беріп, тіпті бір сұраққа әр түрлі жауап береді екен. Ал Ұлыбритания тұрғындары көбіне шынайы толтыруға тырысады екен. Хью-Джонс Ресей, АҚШ, Қытай, Европа елдерінің ішінде 1500 адамға сауалнама жүргізу нәтижесінде шығарған қорытындысын London Experimental Workshop конференциясында талқылады. Ол адамдарды ақша үшін өтірік айтуға мәжбүрлейтін екі тест тапсыру арқылы анықтаған.

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір