Сейсенбі, 25 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 3559 0 пікір 27 Қаңтар, 2017 сағат 10:27

Қадыров Шешен полициясына ескертусіз оқ атуға рұқсат берді

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров полицейлерге және әскерилерге заңсыз қаруланған адамдарға қарсы ескертусіз оқ атуға рұқсат берді. Бұл жөнінде "Кавказский узел" ақпараттық агенттігі хабарлайды. Агенттіктің жазуынша, бұл жарлық "Полиция жөніндегі" заңға қайшы.


Қадыров бұл жөнінде 24 қаңтарда өткен Шешенстан ІІМ-нің алқа отырысында айтқан. "Егер күдік болса, ескертусіз оқ атамыз! Неге қауіп төндіреміз?" – деді ол.

"Полиция жөніндегі" заңның 19-бабына сәйкес, полиция қызметкерлері қару қолданар кезде, өзінің оқ ататын ниеті барын ескерту керек. Полиция егер "өзінің немесе азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайда ескертусіз оқ ата алады".

"Кавказский узел" агенттігінің мәліметінше, 2016 жылы Шешенстанда қарулы жанжалдан 27 адам қаза тапқан. Олардың алтауы - құқық қорғау органдарының қызметкері.

Abai.kz

0 пікір