Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 4990 0 пікір 27 Қаңтар, 2017 сағат 14:01

ЖАНАТЫН АКУЛА!

Дэвид Грубер бұл акуланы терісін жасыл түске айналдырып көрсететін көк түсті жарық таратқыш биофлуоресценция камерасы арқылы суретке түсірді.

Теңіз биологы Дэвид Грубер су астындағы қара көк жарықты терісі сіңіріп алып, оны неон-жасыл, қызыл немесе қызғылт-сары түске қайта шағылыстыратын, яғни биофлуоресценция сәулесін шашатын ерекше тірі организмдерді іздеумен айналысады. Жұмыстарына «National Geographic» қоғамы қолдау көрсеткен Грубер биофюоресценция құбылысын медузадан, кораллдардан, теңіз тасбақасынан және 200-ден астам балық түрлерінен байқаған. Тереңге сүңгумен әуестенетін ғалым қазіргі таңда бұл балықтардың болмысынан бөлек олардың қалай көретіндігін зерттеуге де көп көңіл бөліп отыр.

Грубердің қолында Корнелл университеті көз мамандарының «флуоресцентті қабілеті жоғары» дәу басты акула жайлы қорытындысы бар. Адам баласының көзі алуан түсті көріп ажыратады. Грубердің айтуына қарағанда, мұндай акула көкшіл-жасыл түстерді ғана анық көреді екен. Ғалым суасты камерасымен қаруланып, акуланың биофлуоресценция сәулесі көмегімен жасырынуын, шағылысуын және басқа да әрекеттерін зерттеуге ниеттеніп отыр. Грубердің айтуынша, акула секілді көруге мүмкіндік беретін камера «айнала ортаны дәл солар сияқты көріп, сезінуге» септігін тигізеді.

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592