Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 4874 0 пікір 29 Қаңтар, 2017 сағат 20:27

УНИВЕРСИАДАНЫҢ АШЫЛУЫНА ЕЛБАСЫ ҚАТЫСТЫ

Дәл қазір Алматыдағы "Алматы арена" спорт кешенінде 2017 жылғы бүкіләлемдік Универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтуде. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысуда.

Алматыдағы спорт додасына әлемнің 60-қа жуық елінен 2000-нан астам спортшы келген. Олар қысқы спорттық ойындардың 12 түрінен өзара сайысқа түспек. 

Осы бір ауқымды шараны тікелей эфирден 80-нен астам елде көрсетуде. Бұ потенциалды түрде миллиардқа жуық адам тамашалап отыр дегенді білдіреді. 

Айта кетейік, осы күні Алматы төріне әлемнің 57 елінен 30 мыңнан астам шетелдік турист келген. 

Сондай-ақ, Алматыдағы Универсиада ойындары Халықаралық спорт тарихындағы ең аз қаржы жұмсалған спорттық шара болған. Универсиада ойындары үшін "Халық арена" спорт кешені арнайы сарынған.

Айта кетейік, Алматыдағы додаға қатысатын спортшылардың сапында Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының қатысушылары да бар.

28-ші Халықаралық қысқы Униерсиаданың спорттық жарыстарының кестесін және сайыстард туралы толық ақпараттарды "Abai.kz" ақпараттық порталы мен "Саңлақ" спорт журналынан оқи аласыздар.

Abai.kz

0 пікір