Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4364 0 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 16:08

ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫ ҚОС МЕДАЛЬМЕН ТОЛЫҚТЫ

Алматыда өтіп жатқан  28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Фристайл-акробатикадан Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова күміс және қола жүлдені ел қоржынына салды.

Жібек Арапбаева 60.84 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, Жанбота Алдабергенова 60.48 ұпаймен жүлделі үштікті түйіндеді. Бұл сында алтын медаль қытайлық Чжу Иньиньнің еншісіне тиді.

Айта кетсек, осыған дейін шаңғы жарысында жерлесіміз Анна Шевченко қола медаль алған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір