Сейсенбі, 25 Қаңтар 2022
Өз сөзі 6089 0 пікір 31 Қаңтар, 2017 сағат 13:11

МҰРТАЗА БҰЛЫТАЙ. ДИМАШТЫҢ ЖЕҢІСІНІҢ АСТАРЫ...

Қытайлардың мақсаты орындалған екен, біздің көпшілік мұны құр əн байқауы жəне қазақтың шынашақтай баласының бағының жануы деп қабылдап үлгеріпті. Өз елінде неше түрлі тосқауылға ұшырап, жолы болмаған қазақ жас баласының талантын Қытай елі мойындап жатыр, неткен əділетті қытайлар, жақсы халық екен, қазаққа жаны ашитын халық екен ғой, қорқатындай ештеңелері де жоқ екен ғой, осы бекерден бекер үрейленіп жүріппіз қытайлардан т.б. деген пікірлерді оқып жатырмын.

Мəселе, Димашта да емес, оның дауысы мен талантында да емес, ол медальдің бізге көрініп тұрған жүзі. Бірақ, мына конкурс арқылы Қазақстан қоғамының, əсіресе қазақтардың Қытай еліне, қытай халқына деген көзқарасы айтарлықтай өзгеріп кетті, политтехнологтардың көздегені де осы болған шығар. Мұнай кен орындарының айтарлықтай бөлігі қытайлардың қолында, 51 зауытын бұзып-жинап Қазақстанға əкеп орналастырайын деп жатыр. Қазақ қыздарын бойдақ қытайларға ұзату жобасы жүріп жатыр. Қазақстанның ауылшаруашылығына арналған жерлерін сатып алу немесе жалдау мақсаттары айқын. Шыңғысханның киносы мен сериалдары осыдан оншақты жыл бұрын алғашқы пиар жобаларының бірі ретінде тиімді жүзеге асырылды. Көрермен жылы қабылдап, астыңғы санаға Қытай киноматографиясының оң имиджі орналастырылды, тіпті қытайша үйрене бастаңдар деген сөздерді естідік. Енді осы əн байқауы тағы бір рет керемет күшті, бай жəне əділетті Қытай елі түсінігін санаға құйып берді. Қуаныңыздар, қуана беріңіздер!

Baq.kz

0 пікір