Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Деп жатыр 5239 0 пікір 1 Ақпан, 2017 сағат 12:27

ВИТАС ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВКЕ ӘНІН АЙТУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ!

Витас " Опера-2" әнін орындағаны үшін Димаш Құдайбергеновтың үстінен арызданды. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань өлкесінің Чаңша қаласында өтіп жатқан «I am singer-2017» байқауының екінші кезеңінде тағы да топ жарып, миллиардты мойындатқан еді. Бұл екінші турда ол Витастың «Опера-2» әнін орындады. Соған байланысты Витастың продюсері Димаштың үстінен шағым түсірді.

Витас Димаштың «Опера-2» әнін орындауына байланысты Watson&Band адвокаттар алқасына арыз түсірген. Хунан өлкесінің Чаңша қаласында орналасқан өлкелік телеарнасының атына бағытталған хатта: “Димаш Құдайбергенге бұдан кейін әлемнің және Қазақ Елінің кез келген сахнасында, кез келген концертте Витастың бірде-бір әнін орындауға рұқсат етілмейді және бұл талап орындалмаған жағдайда «Авторлық құқық туралы халықаралық заң» негізінде тиісті орындардың шешіміне жүгінеміз”, – деп жазылған.

«Опера 2» әні – Ресейде тұратын атақты әнші Виталий Гогунскийдің авторлық туындысы. Әуенін де, сөзін де Витас жазған. 2000 жылы Витас бұл әнімен алғаш рет сахнаға шығып, әлем алдында танымал болды. Витастың шығармашылығына қатысты барлық ән «Пудовкин» продюсерлік орталығына тиесілі. Хунанның өлкелік телеарнасы өткізіп жатқан «Singer-2017» ән байқауында Қазақстаннан атынан барған әнші Димаш Құдайбергенов 28 қаңтар күні «Опера 2» әнін айтып, сахнаға шықты.

Ал, «Опера-2» әні осы телеарна арқылы күллі Қытайға тарады. Мұнан тыс, бұл ән Қытайдағы барлық әлеуметтік желіге кеңінен таралуда. Димаш онымен қоймай, бұл әнді 30 қаңтар күні Қытайдың «жаңа жыл мерекесінде» де орындап, телеарна, интернет арқылы тағы да танымалдыққа ие болды. Витастың әндері әлемнің көп елдерінде тараған. Сонымен қатар, барлық құқы қорғауға алынған. Жоғарыда айтылғандай, Хунан өлкелік телеарнасы «Пудовкин» продюсерлік орталығының заңдық құқына зиян келтірді», – делінген бұл хатта.

 

Нұрсұлу Найманова 

Abai.kz

0 пікір