Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 4865 0 пікір 2 Ақпан, 2017 сағат 13:51

БАЯН ЕСЕНТАЕВА ЕНДІ БАЯН АЛАКӨЗОВА БОЛМАҚШЫ.

Продюсер Баян Есентаева мен кәсіпкер Тұрсынғали Алакөзов тойларын көктемге жоспарлап отыр. Бұл туралы оларTengrinews.kz сайтына берген бірлескен сұхбаттарында айтты. 

 

Үйлену тойына қатысты журналист сұрағына Тұрсынғали Алакөзов туған-туысқа арналған шараның көктемге жоспарланып отырғандығы, мамыр айында ұйымдастырылуы мүмкін екені туралы айтты. Сонымен қатар ол Баянмен танысқан кезде өзінің ажыраспағанын, қазір ажырасу үстіне екенін жеткізді.

 "Екінші отбасын құрған адамдардың 99 пайызы ажыраспай тұрып танысады екен. Біз де солардың қатарынанбыз", - дейді ол. Сұхбатта Есентаева мен Алакөзов 10 маусым күнгі оқиға, яғни Бақытбек Есентаев продюсерге қол жұмсаған кез туралы да айтқан.

 "Мен Баянды үйіне шығарып салайын дегем. Бірақ ол қарсы болды, сондықтан таксиге отырғызып жібердім. Оқиға такси жүргізушісінің көзінше болды. Бірінші кезекте сол адам құқыққорғау органдарына хабарласуы керек еді", - дейді Алакөзов. Баян Есентаева бұрынғы жұбайының қылығын жақтап, "дұрыс істеді" дейтіндердің қылығына алаңдайтындығын жеткізді.

 "Яғни ел ерінің көзіне шөп салған әйелді жазалауды қолдайды. Ал, қане, ажырасқысы келген, басқа адамды сүйіп қалған әйелдің бәрін жазалайық. Бәрі бірдей пышақ ала жүгірсе...  Қоғамның мұны дұрыс санайтынынан қорқамын", - дейді продюсер. Баян Есентаева, сондай-ақ тегін Алакөзова ретінде ауыстыруды ойлап жүргенін айтады.

 "Ері мен әйелі бір болуы керек. Балалы болып жатсақ, анасының Есентаева, әкесінің Алакөзов болғанын қаламаймын. Тегімді ауыстыратын шығармын", - дейді ол.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618