Сенбі, 13 Сәуір 2024
Білгенге маржан 3630 0 пікір 2 Ақпан, 2017 сағат 14:26

ЖОЛ ЖҮРУ БИЛЕТІН ЖЕЛІГЕ САЛУҒА БОЛМАЙДЫ.

Заман дамыған сайын адамдар да жол қысқартып, уақыт үнемдеуге көшті. Бұрын елдің шығысынан батысына дейін айлап, апталап жетсе қазіргі уақытта екі-үш сағаттың ішінде керек жеріне жетіп алады. Тіпті күн өткізбей мұхит асып кетуіне де мүмкіндік бар. Сол себепті әуе көліктерінің дәурені жүріп тұр десек қателеспейміз.

Онымен қоса әлеуметтік желілер дамуының арқасында жақыныңыздың қайда жүргенін оңай білуге болады. Ол үшін тыңшылықтың түк қажеті жоқ. Себебі парақшасына кірсеңіз, барлығы көз алдыңызға шыға келеді. Бұл бір жағынан жақсы болғанымен екінші тұсы тым қауіпті болатынын ескергеніңіз дұрыс. Таяқтың екі ұшы болатынын елей бермейтін жұртшылық сан соғып қалғанда маңдайын қабырғаға ұрып өкінеді. Осы орайда әуе жолаушысының билетін ғаламторға салғанда қандай қауіп бар екенін айта кетуді жөн көрдік.

Көптеген адамдар әуежайдағы трансферлік орында немесе алдын ала өзінің қай бағытқа ұшып бара жатқанын оқырмандарына көрсету үшін, әлеуметтік желіге билет суретін салады. Ол үшін көптеген "жолыңыз болсын", "сәтті сапар" дегендей пікірлер алып бір марқайып қалады. Алайда, компьютерді жетік меңгерген хакерлер сіздің осы құжатыңызды назарда ұстаса, онда сіз барар жеріңізге жете алмай қалуыңыз мүмкін. Себебі билеттің штрихкоды сіз туралы барлық мағлұматты береді. Аты-жөніңіз, қайда бағыт алғаныңыз, қанша жүгіңіз бар, кейде тіпті мөлшерден жоғары қаражат алып бара жатқаныңызды да бірден байқайды. Сол арқылы сіздің рейісіңізді өзгертіп, болмаса тоқтатып қана қоймай, қауіпке душар етуі де ғажап емес. Сондықтан өзіңізге абай болу үшін билеттің штрихкодын бұлыңғырлап немесе жасырып салғаныңыз.

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz


0 пікір