Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4034 1 пікір 2 Ақпан, 2017 сағат 16:47

Ақпанның 10-да Аблязов Астанаға келе ме?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро "БТА Банк" Акционерлік қоғамы төрағасыныңң бұрынғы кеңесшісі Мұхтар Әбләзов пен Жарымбетовке қатысты жаңадан қылмыстық іс қозғауда.

Тергеушілер Әбләязовпен оның бірқатар сыбайластарының банк ақшасын заңсыз жымқыруды көздеген жаңа жоспарларын әшкерелеген. Бұл фактілер Әбләзовтің Қазақстан аумағынан  тыс елдерде жұмысын астыртын іске асырып отырғанын және бірлескен қылмыстық топтарға көшбасшылық жүргізгенін білдіреді-міс.

ҚР ҚПК 3 бөлімінің 205 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істері күдікті Әбләзовты жауап алуға Астанаға шақырыпты. Оған 2017 жылдың 10 ақпанында сағат 17:00-ге дейін Астана қаласында орналсқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның кеңсе бөлімшесіне келуі талап етілді.

ҚР ҚПК-ның 68 бабына сәйкес күдіктіге тергеу жұмыстарына қорғаушысымен бірге қатысуына рұқсат етілді. Белгілі бір себептермен келе алмаған жағдайда, күдікті тергеу жұмыстарына алдын-ала қорғаушы не прокурордың қатысуын талап ететін уәж білдіруі қажет.

Қазіргі таңда Әбләзовті тергеу жұмыстарына қатысты шақырту еліміздегі БАҚ-та, Франция мен жақын туыстарының мекен-жайына байланысты Италияның  бұқаралық ақпарат құралдарына  жария етілген.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3605