Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4942 0 пікір 2 Ақпан, 2017 сағат 17:21

"Алатау алабында" атты этно фестиваль өтіп жатыр

28-ші бүкіл әлемдік универсиада қарсаңында "Алатау" дәстүрлі өнері театры аумағында "Алатау алабында" атты этно фестиваль өтіп жатыр. 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында күн ұзаққа жұмыс істейтін Этнофестивальда алматылықтар мен қала қонақтары дәстүрлі музыка кештерін тамашалай алады. Ұлттық ас мәзірінен дәм татады. Қолөнер жәрмеңкесін аралайды.

Фестиваль барысында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, шығармашылық шеберлік дәрістері, этно- фольклорлық жанрдағы өнер шеберлерінің концерттері және дәстүрлі музыка кештері ұйымдастырылады.

Универсиада аясында ұйымдастырылып жатқан кештің шымылдығы - «Інжу-маржан» атты Арқа өңірінің дәстүрлі музыкалық кешімен ашылды.

1 ақпан күнгі сағат 17.00-де «Қанекей, тілім сөйлеші» атты Сыр өңірінің дәстүрлі ән кеші;

2 ақпан күнгі сағат 17.00-де «Айнамкөз» атты Батыс Қазақстан өңірінің ән дәстүрлі кеші;

3 ақпан күнгі сағат 17.00-де Дәстүрлі әнші Нұржан Жанпейісовтың шығармашылық кеші;

4 ақпан күнгі сағат 17.00-де Күйші Батыржан Мықтыбаевтың шығармашылық кеші;

5 ақпан күнгі сағат 17.00-де Дәстүрлі әнші Еркін Шүкімановтың шығармашылық кеші;

6 ақпан күнгі сағат 17.00-де «Өнер алды — қызыл тіл» атты студент жастардың айтысы;

7 ақпан күні Универсиада аясында өтілген концерттік бағдарламалар «Жер сұлуы Жетісу» атты  Жетісу өңірінің дәстүрлі музыкалық кешімен жабылатын болады. 

Abai.kz 

0 пікір