Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5690 0 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 15:40

Амандық Баталов басқа әкiмдерге үлгi

Бүгiн Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында баяндама жасаған Алматы облысының әкiмi Амандық Баталовтың жұмысын Президент Нұрсұлтан Назарбаев оң бағалап, әрiптестерiне үлгi еттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Алматы облысының әкiмi Амандық Баталов атқарылып жатқан жұмыстар жөнiнде баяндама жасап болғаннан кейiн, Елбасы оның жұмысын оң бағалайтынын айтты.

«Жұмысың жақсы, оң баға беремiн. Көп әрiптестерiң үйренетiн жұмыс iстеп жатырсыз. Табысты бол», - дедi Н.Назарбаев.

Амандық Баталовтың баяндауынша, өңiрде 2016 жылы дамудың оң қарқыны сақталған.

«Барлық мақсатты индикаторларға қол жеткiздiк. Жалпы өңiрлiк өнiмнiң 2 пайыздық өсiмi қамтамасыз етiлдi. 529 млрд теңге инвестиция тартылды. Жергiлiктi бюджет түсiмi 3,4 пайызға өстi. 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 5 мыңнан астамы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылды. Осы бағдарлама бойынша 69 жобаны жүзеге асыруға бөлiнген 38,4 млрд теңге толық игерiлдi», - дедi әкiм.

Отырыста, сондай-ақ, министрлерден кейiн Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов, Батыс Қазақстан облысының әкiмi Алтай Көлгiнов, Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев баяндама жасады.

Айта кетейiк, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, Үкiметте өтуде. Жиында елдiң 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып, 2017 жылдағы мақсат-мiндеттер айқындалады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620