Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4445 0 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 15:57

ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК ЕУРАЗИЯНЫҢ ЕҢ СҰЛУ ШАХМАТШЫСЫ АТАНДЫ.

Қазақстандық шахмат спортының хас шебері Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды. Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайтында өткен сауалнамада отандасымыз хас сұлу атанды.

17 жастағы қазақ шахматшы қызына 9136 адам дауыс берген. Екінші орынға 23 жастағы өзбекстандық Сарвиноз Құрбонбоева ие болды. Ол 7848 дауыс жинапты. Үшінші орын 653 дауыс жинаған тәжік қызы Мутриба Хотамиге бұйырыпты.  Айта кетейік, сайысқа бұл үш спортшыдан бөлек Польша, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Қырғызстан елінің шахматшы арулары қатысқан еді.  Жансая Әбдімәлік - халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Қазіргі уақытта ол Халықаралық шахмат федерациясы тізген қыз-келіншектер арасындағы рейтингте 43-орында келеді. 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір