Жұма, 26 Сәуір 2024
Деп жатыр 3992 0 пікір 5 Ақпан, 2017 сағат 22:03

АТАҚТЫ ӘНШІ ЛАРА ФАБИАН ДИМАШТЫ КЕЗДЕСУГЕ ШАҚЫРДЫ.

Бұл туралы әншінің жан досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Бүгін бізде қуанышты жаңалық! Димаштың әнін ғаламтордан тыңдаған атақты әнші Лара Фабиан әдемі тілектерін білдірді. Димаштың дауысына таңқалысын жасырмай, кездесуге шақырды! Бұл бізге xабарласып, осы xабарды жеткізген әншінің сазгері Флабиеннің Ларамен whatsApp арқылы тілдесуі.

Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе?

Лара: Иа, таңқаларлық!

Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып!

Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс!

Флабиен: Онымен кездессек қалай болады

Лара: Неге кездеспеске!

Келіссөздер жүргізілуде...

P.S. WhatsApp жазбасы Флабиеннің рұқсатымен жарияланып отыр!", - деп жазды ол.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір