Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4103 0 пікір 6 Ақпан, 2017 сағат 00:33

"ӘРКІМНЕН ҚАЛҒАН"...

Осы күні әркім айтып жүрген "әркім" деген сөздің сорлысы еді.

Әке баласына "Әркімнің алдына барып сүмірейме!" деп зекіп жататын... Жеңгейлер "... Әркімнен қалған..." деп әлде кімнің түгін қоймай өсектейтін... Ағалар, "жүр сөйтіп әркімнен бір таяқ жеп" деп жер-жебірімізге жететін.

Енді сол сорлы "әркімнің" күшейгені соншалық әркімнің аузынан анталап, Конституцияға еніп алмақ! Әркімдер төре боп алған ел ошақ басынан бұралқы иттерді қуумен шаршаған бала секілді ойыннан, қызықтан қағылып, ызадан күйіп кетеді екен ғой...

Серік Әбікен

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір