Жексенбі, 24 Қазан 2021
Білгенге маржан 13568 4 пікір 6 Ақпан, 2017 сағат 10:32

Серік ДӘУЛЕТОВ. ШӨМЕКЕЙ (жалғасы)

Cерік Дәулетовтің АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ ( Жаңаша көзқарас) кітабының өткен бөлімдерін төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар:

http://abai.kz/post/view?id=11229

http://abai.kz/post/view?id=11536

http://abai.kz/post/view?id=11495

http://abai.kz/post/view?id=12321

http://abai.kz/post/view?id=11255

http://abai.kz/post/view?id=12516

http://abai.kz/post/view?id=12542

 

ШӨМЕКЕЙ

Мұхаметжан Тынышпаев шөмекейді қытай жылнамаларында айтылатын чу-му-гуньмен байланыстырады, ұраны «дөйт» дейді.

Қазақ шежірелері «Әлім, Шөмен бір туған, Шөменнен Шөмекей туған» дейді, Шөмекейді төрт тайпаға бөледі- Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл.

Ресейдің 1803 жылы Бұхараға бара жатып қазақ жерінде сәтсіздікке ұшыраған экспедициясының жетекшісі поручик Я.П. Гавердовскийдің шөмекейдің бір биінің аузынан жазып алған шежіресі бойынша Шөмекейлер Әлімұлына құда болып келеді, Көлдей, Қаратамыр, Тоқа- жиендер.

«Когда Орусовы воины внесли свои шатры в здешние степи, Алимулы, сын хана Меньшей орды и основатель сильного колена, женил сына своего на дочери главного начальника чумекейского. Родство соединило народы сии, и чумекейцы в алимулинском роде составили ныне отделение, в котором уделы, называемые елдяр, каратамыр и тукан, происходят от детей Алимовых; куит-аюсырым и куняк – от древних чумекейцев, а сары-кашкин – от прочих степных жителей турской породы. Всех аймаков (Аймак значит часть удела или небольшое отделение) в нашем отделении 18, а кибиток или семей до 21 000».[1]

Осыдан 2 ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған бұл шежіренің тарих зерттеушілері үшінмаңызы зор.

Шынымен де, Шөмекейдің Тоқасының құрамында Әлімнің Шектісінің- Бөлек, Әлім-Шекті- Қабақтың- Төлес, Аралбай, Хангелді және Пұсырман, Әлім-Шекті-Жақайымның- Бердіңғұл,Қосқұлақ рулары бар. Бұлардың Орман елі екені айтылды.

Екіншіден, расында да Қойыт (Т. Үсенбаевтың шежіресі бойынша Аспан бөлімінің құрамында) және Көнек рулары – көне рулар, оның мынадай дәлелі бар. Хойтфамилиялы қалмақ тарихшысы (қойыттар қалмақта да, моңғолда да бар) былай дейді:

«…Таким образом, существуют три наиболее приемлемые этимологические версииэтнонима хойт:

 от слова хойд со значением «север», что может указывать на локализацию данной группы в определенный период;

от этнонима сойот (современныеносители которого являются, по всей видимости, самодийско-тюрко монгольскимконгломератом), этимология которого, в свою очередь, также нуждается в детальномисследовании;

 от монгольского слова хой со значением «лес». 

Поскольку факты контактов монголоязычного населения, которое могло бы осуществить в своем языке переход «сойот – хойот – хойид», с сойотами до XIX в. не установлены (хотя их вероятность велика),

а также поскольку значение«лесные» (хойид) или собирательно «лесные народы» (хойин иргэд) не вызывает сомнений в плане смысловой нагрузки, в отличие, скажем, от значений «светлый», «желтый», «прямой» и пр.,

из всех версий более вероятной представляется версия от слова хойсозначением «лес».

Значение же «север» или «северный» в отношении этнонима хойт (хойид) может иметь более позднее происхождение (XVII–XVIII вв.) и поэтому при выборе предполагаемого значения, на мой взгляд, уступает значению «лесной», которое, по всей видимости, и является исходным для современного этнонима хойт».[2]

Көріп отырғандай, қойыттар да –Орман елі.

Көнекке келер болсақ, ол сөздің түп-төркіні моңғолтілінен келген:

ХӨНӨГ  (ыдыс)  1. көнек;  2. шелек;  3.оқшантай, дәрі қалта; [3]

Демек, көнек шынымен де поручик Я.П. Гавердовскийдің жазғанындай көне шөмекей руы.

СарыҚашқынға келейік. Шежіре бойынша Сары- Шөмекейдің Бозғұл тайпасынан. Ал бозғұлдың мағынасы- қашқын, қараңыз:

БОСГОЛ   босқын, қашқын (адам)[4]

Бұл тайпаның құрамында Дулатта бар Құдайқұл, Жәдік, Қанай рулары  бар.

18-19 ғасырларда Башқұрттардың Табын тайпасының Теляу бөлімшесінде  Сары және Көнек рулары, ал Сунарсы тайпасының Байки бөлімінде Шөмекей руының өзі болған.[5]

Шөмекейді құраған төрт тайпаның бірі Аспан дедік. Мына картада Саян тауларынан бастау алып, Енисейге құятын Аспан деген өзен бар, келесі бетте картасы берілген.

 

«Құпия шежіре» бойыншаЖошының өзіне қаратқан орман елінің батыс шекарасы Байжігіт өзені деген едік. Сол өзенді бойлай қоныстанған Байжігіттердің бір бөлігі қазір Шөмекейдің құрамында.

Сонымен, Шөмекей - Орман елінен шыққан рулар одағы, кейбір рулар Шөмекейге кейінірек келіп қосылған.

Ілгеріде үрәңқайлық Жаршытай ақсақалдың (Сүбетей батырдың әкесі) Темүшін дүниеге келгенде көрігін арқалап, сыйлыққа бұлғын жөргек алып келгені туралы «Моңғолдың құпия шежіресінен» үзінді келтіріп едік.[6]Ол үзіндіде назар аударарлық екі нәрсе бар. Біріншісі- бұлғын терісінен кез-келген аңшы жөргек істей алмайды, ол үшін теріні илеп, өңдей алатын шебер болу керек. Екінші назар аударарлық нәрсе, Сүбетейдің әкесінің көрік арқалап жүргені. Онысына қарағанда, Жаршытай ақсақал металл балқыту жөнінен де шеберлігі бар.

Моңғолша шеберді «дүй» дейді[7], ал «дүйт» дегеніміз- шеберлер деген сөз. Шөмекейдің ұраны «дүйт=дөйт» болғанына қарағанда, олар Орман елінің шеберлер кастасынан болса керек.

 

ҚАРАКЕСЕК

Қаракесектер Алшында да, Арғында да бар. Екеуінің түбі бір – Саян таулары. Сол таулардың Тыва мен Краснояр өлкесі шектесетін тұсындағы теңіз деңгейінен 2600 м биіктіктегі орманды жоталарының бірі – Кесек тайга деп аталады.Кесек сөзі моңғолшадан аударғанда күшіген деген құсты білдіреді деп ілгеріде айтқан едік. Шамасы мұнда күшігендер көп болса керек.

Осы тайгада аңшылықты кәсіпетіп, күн көріп жүрген саян-үрәңқай тайпасыКесек деп аталған.Кесектердің үрәңқай тайпасы екенін Грумм-Гржимайлодан көреміз.

«Засим, и Африканов-«Урянхайская земля и ея обитатели» в «Изв. Вост.-Сиб. Отд. И. Русск. Геогр. Общ.», 1890, XXI, № 5называет четыре кости в составе ойнарского сумына: тонгкак, байгара, кизек-соин и иргиз...»[8]

Осы кесектерден бөлініп, 13 ғасырда Алшынның және Арғынның құрамына кірген топтар Қаракесек атанған. Ал Орман елі-алшындармен аралас-құралас болған қырғыздардың құрамында Кесектердің де, Қаракесектердің де болуы олардың қырғыздарға әр мезгілде кезең- кезеңімен қосылғанын байқатады.

Т. Үсенбаевтың «Алшын шежіресі» бойынша Қаракесектен Есіл мен Тобыл туады, Тобылдан Үңгіт туады. Бұл руларға байланысты Ресейдің Дивногорск қаласының маңында Енисейге құятын аралары 20 км Тобыл және Үңгіт өзендері бар екенін атағанымыз жөн болар.

 

 

Үңгіттер Жаппас руының құрамында да бар.

Қаракесектіңқұрамында Шектіде кездесетін Қалу,Шоң,Тілеу-Қабақ,Төлес, Назар рулары бар. Ол Шекті мен Қаракесек руларының бір-біріне жақындығын байқатады.

 

ҚАРАСАҚАЛ

Моңғол Алтайының Қытай жағында теңіз деңгейінен 2765 м биік Сақал тауы бар.

Осы тауды мекендеген ел Сақал аталған. Олардан бөлініп шыққан Қарасақал руы қазақ алшындарының құрамында екені белгілі. Ал енді осы тайпалар тағы қайда бар?

Орыс ғалымы, академик В.В.Радловтың жазуы бойынша алтайлықтар «алтай-кижи» және «чуй-кижи»болыпекіге бөлінеді. «Чуй-кижидің» бір руы сақал деп аталады.[9]

              Грумм-Гржимайлоның айтуы бойынша Үрәңқай өлкесінде Жадана өзенінің бойында Сайын-ноян қосынында қарасал деген ру болған. [10]

              Тыва Уикипедиясында 19 ғасырда алтай үрәңқайларының арасында  Қарасаян қосынында қарасақал руының, Көк моншақ қосынында адай мен шүңгір руларының болғандығы айтылады.[11]

Бұл мәліметтер қарасақал тайпасының Орман елі екенінің айғағы.

               Шекті тайпасында кездесетін біраз рулар Қарасақалдың құрамында да бар. Олар- Баубек, Төлес, Шүңгір, Пұсырман, Асан-Үсен. Бұл осы екі рудың аралас-қораластығын көрсетеді.

 

ТӨРТҚАРА

Төртқара туралы Алтай-Саян өлкесінен ешқандай топоним кездеспеді.

Т.Үсенбаев бойынша Төртқара (Қарамашақ)- Оразгелді, Ораз, Жаншүкір,Қараш атты төрт ағайынды жігіттердің ұрпақтары.

Қазақ совет энциклопедиясы бойынша Алшын Төртқаралары- Найманның Матай тармағының құрамындағы Төртқаралардың бір бөлігі.

 «Матай — Орта жүз найман тайпасының құрамына кіретін рулар бірлестігі. Шежіре деректері бойынша Матайдан аталық, кенже, қаптағай рулары тараған. Майтайлар Шығыс Қазақстан облысы Шар, Қызылсу, Көкпекті, Былқылдақ өзендерінің алқабы мен Шыңғыстау, Жуантөбе, Салқынтөбе тауларының атырабын мекендеген. Қаптағай ұрпақтары (қыдыралы, құлшан, төртқара, толыбай, төртсары, ақтілес, көлдей, жұмбай, қаржау, бөрте) Лепсі, Қапал өзендерінің және Ақсу, Сарқант, Бүйен өзендерінің алқабын қоныстанған. Ұраны — Қаптағай, Бөрібай. Рулық таңбасы — (бөрі).»[12]

Кейбір шежіре деректері бойынша Төртқара- Матайдың ұрпағы Жарылқамыс батырдың Жемет, Қаракөз, Жалаң, Бөлек деген 4 ұлының лақап аты. Осы 4 жігіт жоңғар шапқыншылығы кезінде нағашылары Алшындарға көмекке келіп, ерлік көрсетеді.

М.С.Мұқанов пен В.В. Востров сынды ғалымдар датөртқара руын найман тайпасының матай руынан  бөлініп шыққан деп есептейді.

«Возвращаясь к вопросу о происхождении этого рода, необходимо указать, что как и предыдущий, род торткара определенно недавнего (не раньше XVI-XVII вв). происхождения, и как нам кажется, основная его масса по каким-то неизвестным причинам отделялась от племени найман (рода матай), в составе которого имеется подразделение торткара ».[13] 

Әрине, бұл тұжырым- ертеректе, кеңес дәуірінде қалыптасқанболжамның нәтижесі. Шынында да, Матайдың Жалаң, Бөлекаталықтары Алшын Төртқараның құрамында да бар. Алайда, заманауи тәсілдердің нәтижелерінежүгінетін болсақ, Жақсылық Сәбитовтың ілгеріде аталған  еңбегінің[14]тіркемесіндегі кестеде Y-хромосомаға тест тапсырған Төртқара руының екі азаматының екеуінің де гаплотобы Алшындарға тән С3с1 болып шыққаны көрінеді. Ал Найманның Матай руынан тест тапсырған 5 азаматтың төртеуінің гаплотобы О3, біреуінікі- R1b1a2. Осы Матай руының Төртқара бөлімшесінен жалғыз азамат гаплотобын анықтаған екен, оныкі де R1b1a2 болып шығыпты.

         Генетикалық генеалогияның бұл нәтижелері Төртқаралардың  Найман тайпасынан гөрі Алшын тайпасына жақынырақ екенін байқатады.

Кейбір тарихшылар Төртқараны «қара» сөзінен басталатын Алшынның 4 руынан- Қаракесек, Қарасақал, Қаракете, Қарамашақ-құралған тайпа деп есептейді.

Негізінде, Төртқараның құрамында Алшынның Баубек, Айт, Тілеу-Қабақ, Андағұл, Сейітқұл, Айдарбек, Сексен, Аюсияқты руларының кездесуі, Төртқараның Орман елі- Алшын екенінің қосымша айғағы.

(жалғасы бар)

Abai.kz


[1]История Казахстана в русских источниках. 5-т, Алматы, Дайк-пресс, 2007жыл, 224-б

 

[2]С.К. Хойт. Об этнониме хойт (хойид) http://journal.iea.ras.ru/online/2005/EOO2005_5c.pdf

 

[3]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 611-б

[4]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж.83-б.

[6]  Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері.1-т.Алматы, Дайк-Пресс, 2005ж.110-б.

 

[7]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж.201-б.

[8] Г.Грумм-Гржимайло.Западная Монголия и Урянхайский край.3-т.Ленинград,1926 ж. 11- б.

[9]В.В.Радлов. Из Сибири.Москва, Наука, 1989 ж. 95-96 бб.

[10]  Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 3-т. Ленинград,1926 ж. 16- б.

 

[12]http://alashainasy.kz/shezhire/shejre---matay-ruyi-56631/

 

[13]М.С.Мұқанов, В.В.Востров. Родоплеменной состав и расселение казахов. Алматы, Наука. 1968ж. 102-б.

[14]Ж. Сабитов. Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики  The Russian Journal of Genetic Genealogy (Орысша нұсқа): 5-т, №1, 2013-ж.

4 пікір