Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3700 0 пікір 6 Ақпан, 2017 сағат 15:56

Универсиада - 2017. Ел қоржынына 25-жүлде түсті

Алматыда өтіп жатқан Универсиадада 7,5 шақырым қашықтыққа командалық эстафета бойынша шаңғышылар жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Бұл жарыста Ресей құрамасы бір сағат және 12:49.3 минут көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлде ресейліктерден 1,8 секундқа ғана артта қалған Қазақстан құрамасына бұйырды. Еліміздің намысын қорғағандар - Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин. Үшінші орында Чехия құрамасы (+2:02.5).

Бұл Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасының 25-ші жүлдесі. Осылайша Қазақтан қоржынында он алтын, бес күміс және он қола жүлде.

Абай ақпарат

0 пікір