Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3819 0 пікір 6 Ақпан, 2017 сағат 16:00

Атақты Лара Фабиан Димаштың өнері туралы пікір білдірді

Атақты Лара Фабиан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің дауысына таңғалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеп, хабарлады.

"Бүгін бізде қуанышты жаңалық! Димаштың әнін ғаламтордан тыңдаған атақты әнші Лара Фабиан әдемі тілектерін білдірді. Димаштың дауысына таңғалысын жасырмай, кездесуге шақырды!, - деп жазды Шаримов.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов әйгілі әншінің сазгері Флабиеннің Ларамен WhatsApp арқылы тілдесуін Желіге жүктеген. 

Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе?
Лара: Иа, таңқаларлық!
Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып!
Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс!
Флабиен: Онымен кездессек қалай болады 
Лара: Неге кездеспеске
Келіссөздер жүргізілуде... P.S. Whats up жазбасы Флабиеннің рұқсатымен жарияланып отыр!"

Лара Фабиан (француз тілінде Lara Fabian, шын тегі - Крокат) - франко тілді әнші, Канада азаматшасы. Француз, ағылшын, неміс, италиян, испан, португал, орыс және тағы да басқа тілдердегі әндерді орындаған. 14 жасында-ақ Лара Фабиан Брюссель клубтарында өнер көрсете бастап, көптеген еуропалық музыка сайыстарына қатысып, жеңімпаз болып таныла бастайды. 2004 жылы Ресейге келіп, Мәскеу Халықаралық Музыка Үйінің залында өнер көрсетеді. 2010 жылы Кремль Сарайында Лара Фабиан мен Игорь Крутойдың "Мадмуазель Живаго" атты концерті өтті. Лара Фабиан 2011 жылы Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында Астанада өнер көрсетті.

Абай ақпарат

 

0 пікір