Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 3952 0 пікір 6 Ақпан, 2017 сағат 16:44

ДИМАШ НИЯЗОВ: ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА

Он үш жасында Америка Құрама штаттарына Қазақ елінен қоныс аударған  былғары қолғап шебері  Қазақстан спорты туралы шағын ойын ортаға салды. 

- Димаш, сен қазір алыс шет елде тұрып жатырсың. Сырттан қарағанда қазақстандық боксшылардың табысына  көңілің тола ма? Көзқарасың қандай? Ел спортының болашағын қалай деп бағалар едің?

-  Қазақстандық боксшыларды қай жерде жүрсем де, қай ортада болайын, мақтанышпен айтып жүремін. Әуесқой бокста ғана емес, кәсіби бокста да жігіттер әлемді аузына қаратып, өздерін барлық қырынан танытып, мықтылықтарын дәлелдеумен келеді. Президент Н. Назарбаев та салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөліп, спорттың барынша дамуына қажетті мөлшерде қаржы-қаражатты аяп отырған жоқ.  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының да еңбегі елеулі. Спорттық ареналарда Қазақстанның атын шығару үшін ол  ешнәрседен аянып қалмақ емес.

-         Ал, өзің бокспен қай кезден бастап айналыса бастап едің?

- Спортқа, оның ішінде боксқа деген ықыласым Қазақстанда басталды. Менің алғашқы бапкерімді көбі жақсы біледі. Ол - Нұрғали Сафиуллин. Оның тәлімін көрген талай саңлақ халықаралық  додаларда топ жарып жүр, Олимп шыңдарын бағындырды.

-  Қазіргі күнде жаттығуларың қалай өтуде?  Сені рингте қашан көреміз?

-  Менің бар өмірім жаттығумен өтіп жүр десем артық айтқандық емес. Жатығудан қол үзіп көргенім жоқ. Бар бос уақытымды әкеміз екеуміз спорт залдарында өткіземіз. Екеуміз де толып жатқан айтулы турнилерде жеңіске жеттік. 18 жасымда кикбоксингтен әлем чемпионы атандым. Жасөспірімдер арасында Нью-Йоркте маған тең  келер ешкім болмады, сондай-ақ Empire State Games турнирінде де жұлдызым жанды. Қазақстан атынан Пекиндегі олимпиадаға жолдама алуға тырысып баққам, бірақ азаматтыққа қатысты  туған проблемалар салдарынан менің кәсіпқой боксқа ауысуыма тура келді. Күні бүгінге дейін 10 кездесу өткізіппін. Ешкімнен жеңілгенім жоқ.  Әрине, әлем чемпионы атағын жеңіп алу деген де арманым бар.

Жазып алған Арайлым МЕЛДЕШОВА

Abai.kz

0 пікір