Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 3782 0 пікір 7 Ақпан, 2017 сағат 11:50

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ДЖЕКИ ЧАНМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болған атақты актер Джеки Чан оны кездесуге өзі шақырған.

"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты!

 

 Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті.

Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!..", - деп жазды әнші өзінің желідегі парақшасына.

Еске сала кетейік, атақты әнші Лара Фабиан да Димаш Құдайбергеннің ерекше дауысына таңданыс білдіріп, оны кездесуге шақырған болатын.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553