Жұма, 26 Сәуір 2024
Міне, көрдің бе? 4558 0 пікір 7 Ақпан, 2017 сағат 13:14

"ЕЛАРНА" ҚАЙТА АШЫЛАДЫ

Наурыз мейрамына қарай Қазақстанда «Еларна» атты жаңа телеарна ашылады. Онда отандық фильмдер мен сериалдар көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа Еларна кино-телеарнасын іске қосу жоспарлануда. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдер мен сериалдарды трансляциялайтын болады», - деді министр.

Естеріңізде болса, 2014 жылдың наурыз айында "Еларна" телеарнасы жабылып қалған. Қазақстанның 75 пайызын қамтым, 10 миллионға жуық көрерменнің көзайымына айналған арнаның жабылуына сол кездегі бюджеттік мәселелер себеп болған еді. Ол кездегі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болған  Ерболат Досаев түсініктеме беріп, "Мемлекет қазынасынан 2 миллиард теңге бөлінсе де, арна тек 300 миллион теңгенің жоспарын орындай алады" деген. Әрине, арнаның жабылуына ол кезде жанама себептердің болғаны қисынды. Тіпті, сол кездің өзінде арна қызметкерлері "төмен рейтинг" үшін арнаны жабу ақылға қонымсыздығын айтқан. 

Не десек те, 2017 жылдың көктемінде "Еларна" арнасы қайта ашылатын болды. Министр Дәурен Абаевтың ашпағы қай "Еларна" екенін уақыт көрсетер.

Abai.kz

0 пікір