Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 4047 0 пікір 16 Ақпан, 2017 сағат 12:00

ҰҚК-і ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЕРГЕУГЕ ҚОСЫМША ҚҰЗЫРЕТ СҰРАЙДЫ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсізлік комитеті әскерилер мен жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің қызметкерлері қатысы бар істерді тергеу үшін қосымша құзырет беруін сұрады.

Қазақстанда сыбайласқан жемқорлыққа қатысты істерді тергеу жұмыстарын негізінен Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюросы айналысады. Ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне қарайды.

Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель ҰҚК-ға "арнайы органдардағы" қылмыстық істерді тергеу құзыретін беру туралы ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, заңдардағы мұндай өзгеріс Ұлттық бюромен тепе-теңдік орнатуға жол ашады.

Құқыққорғау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасы тергеушінің прокурор шешіміне шағым түсіру құқығын кеңейтуді, полицияға бағынбағандарға салатын айыппұл көлемін 11 миллион теңгеге дейін өсіруді қарастырады.

Abai.kz

0 пікір