Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3804 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 10:16

БІРЕУЛЕР АРАБ КҮЙЕУГЕ ЖЕТЕ АЛМАЙ ЖҮР

Кеше кешкісін Түркиялық Фахира Қара есімді әйелдің басынан өткендерін оқып, жазбасқа амалым қалмады.

1990 жылы күйеуі Абдулламен Меккеге қажылық парызын өтеуге аттанған әйелдің Түркияда 12 баласы қалады. Ең кішісі - 9 айлық болған екен. Дәл сол жылы күн қатты ысып, 45 градустық ыстықта Мина мен Меккені жалғайтын жер асты жолындағы салқындатқыш істемей қалады. Аяқ астынан болған абыр-сабырда 1,5 мыңға жуық адам ажал құшты деген дерек бар. Әйелін сол кезде жоғалтқан Абдулла оны іздеп-іздеп таба алмаған соң, Түркияға келіп оны өлді деп жариялайды.

Сүйтсе, бейшара әйелді түбі Йеменнен шыққан ауруханадағы санитар араб ұрлап кетіп, 6 жыл бойы қамап ұстаған. Тек, 3 бала туғызған соң ғана көшеге шығуына рұқсат берген. Ал, Медина тұрғындары "ұрланған әйел" тағдырын білсе де, көздерін жұмып қараған. Енді, Түркиялық журналист Мюге Анлы арнайы жүргізетін бағдарлама көрсеткеннен кейін Фахираның тағдырын қалың жұрт білді. Оның ішінде біз пақырды да қосып қойыңыз.

Тағы бір қызығы - Фахира 80 жастағы "күйеуін" Сауд заңымен жазалауды талап етсе, оны балаларының көзінше дарға асады. Ал, өзі оның әйелі екенін мойындаса, некесіз бала туғаны үшін таспен атып өлтіреді. Енді бұл әйелдің болашақ тағдырын Реджеп Тайып Ердоған Сауд королімен арнайы сөйлесіп, шешуге уәде беріпті. Біреулер араб күйеуден құтыла алмай дал болуда. Енді біреулер араб пен араб күйеуге жете алмай "армандауда".

Олжас Беркінбаев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір