Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3725 0 пікір 22 Ақпан, 2017 сағат 16:48

ЭКСПО КОМИССАРЫ НЕГЕ ЕКІ СӨЙЛЕДІ?

Бүгін басталған ЭКСПО-2017 көрмесінің жинынына келген Италия делегациясының өкілі, ЭКСПО комиссары Стефано Раванян павильондардың сапасы әм көркі талапқа сай емес екендігін айтты. Комиссар Раванянның бұл айтқандары қазақстандық БАҚ-қа дереу таралып, онсыз да оңып тұрмаған Есімов командасына қарата сыни мақалалар жарияланды.

Осыдан екі күн бұрын Италия делегациясы Астанаға келіп, өздері отыратын павильонды аралапты. Сөйтсе, әлгі ғимараттың дизайны мүлде көңілдерінен шықпаған екен. «Екі күн бұрын біз ғимараттың түріне таң қалдық. Мұндағыларға өз сызбамызды бердік. Ол қайда? Екінші қабатта офис болсын дедік. Офис түгілі екінші қабат жоқ қой...», - депті комиссар мырза (https://www.nur.kz/1417513-predstaviteley-italii-karibskikh-os.html).

Бұл ақпарат бүгін ғана БАҚ-қа тарады. Арада 3 сағатқа жуық уақыт өтті. Келе сала Есімовтің есін шығарған комиссар өзінің сөзін өзі теріске шығарып, ЭКСПО компаниясының жұмысы мінсіз екенін айтыпты.  «Мұндай алқалы жиындарда тығыз қарым-қатынас болғаны дұрыс. Біз де өз кезегімізде ұйымдастырушылармен етене араласқанды жөн көрдік. Ал ғимараттың түріне, оның құрылысына келер болсақ – ол маңызды емес. Мұндай ауқымды шараны өзкізу сынды жұмыстардың қасында ғимараттың қанша қабаттан тұратынын талқылау жөн емес», - депті Стефано Раванян (https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/italyanskiy-komissar-prokommentiroval-kritiku-oformleniya-312792/).

Сонда қалай болғаны? Біз түсінбедік пе, әлде арадағы 3 сағатта Италия делегациясының ойы өзгеріп үлгерді ме? ЭКСПО комиссары неге екі сөйледі?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір