Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6460 0 пікір 23 Ақпан, 2017 сағат 18:24

Амандық Батталов жер сұрап келген қытайлық кәсіпкерді қуып жіберді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Конституцияның 26-бабына ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tengrinews.kz сайты.

Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде шекарадағы жерлерді шетелдіктерге беруге жол беруге болмайтынын мәлімдеді.

«Қызметке тағайындалғанымда бөлмеме Қытайдың инвестор-миллиардері кірді. Ол шекара аймақтарындағы жерлерде егін шаруалығығымен айналысқысы келді. Жартылай шөлге айналған жер учаскесіне ол өз қаражатынан коммуникация тартып, шөлде «оазис» жасағысы келді. Бірақ осындай стратегиялық аймақты жерді беруге бола ма? Бірде-бір сантиметр жерді шетелдіктерге бермейміз. Жер мәселесі ұдайы бақылауда», – деді Амандық Баталов.

Әкімнің айтуынша, бүгінде облыста ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы сегіз миллион гектардан аса жер бар.

Абай ақпарат

0 пікір