Жұма, 19 Сәуір 2024
Мәйекті 5962 0 пікір 27 Ақпан, 2017 сағат 00:57

ЖЕЛТОҚСАНШЫНЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ

Құрметті Ермұрат Бапи ! 

«Дат»-газетінің № 07, 23.02.2017 жылы басылып шыққан "Желтоқсан ақиқаты» жаңарды" деген мақаланы оқып шықтым. Өз басым осы ұйымды 2008 жылы құрып, 2016 жылға дейін басқарып, жұмыс жасадым. Өткен уақыттың жамандығы да, жақсылығы да көз алдымда. Бәрін білгендіктен, өз пікірімді жазып желтоқсандықтар арасында дұрыс көзқарас қалыптассын деп отырмын. 

АЩЫ ШЫНДЫҚ

2012 жылдан бастап «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-не істелініп жатқан қарсы әрекеттер шаш-етектен. «Тисе бұтаққа, тимесе тереке» дегендей небір желтоқсаншы батырлар, ұйымға тіркеле салысымен ұйымға байланысты теріс ақпараттар беруден шаршамады. «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ 2008-2016 жылдар аралығында ұлттық мүдеде 186 іс-шара өткізіп, өз қаражаттарынан 8 000 000 теңгедей жұмсады.

 «DAT»-газетінің № 07, 23.02.2017 жылы басылып шыққан "Желтоқсан ақиқаты" жаңарды" деген мақаланы оқып шығып жағамды ұстадым, авторы Женісбек Сабрайым. Қазақ ертегісіндегі белгілі кейіпкер, Қожанасырдың бір сөзі есіме түсті. «Білмегендерің, білетіндерден сұрап алыңдар деген». Мақаланың авторы Жеңісбек Сабрайым дәл сол Қожанасыр секілді «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің істеп жатқан жұмыстарынан хабарсыз екендігін түсіндім.  Ұйым төрағасы Нүкен Бейсенғазы Сәдуұлының 2008 жылдан бері ұйымның жұмысын тоқтатпай бүгінгі күнге дейін 186-іс-шара өткізгенінен бейхабар. 2008 жылдың мамыр айында «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігін құруға 850 000 теңгедей қаражат тауып, бәрін өтеген мен едім. Ақша болмаған жағдайда ұйым құрылмас еді.

Ұйымды құруға бастамашы болған Әділханов Халелхан, Отарбаев Ертас, Құспеков Бейсенбайлар болатын. Осы адамдар 2006 жылдың желтоқсан айында  маған жолығып желтоқсаншыларға байланысты жаңадан ұйым құруды ұсыныс етті. Ұсыныстарын қолдасам құрылатын ұйымның төрағасы етіп мені сайлайтындықтарын жеткізді. Ұйым құруға Гүлмира Тойболдина атсалысып, ағамыз Көкбөрінің офисінде бірнеше рет отырыстар өткізілді. Ұйымның құжаттарын дайындауды, шығатын қаражатты, ұйымның атын атауды, облыстан желтоқсаншыларды шақыруды маған жүктеді. Облыстардағы желтоқсаншылардың байланыс телефондарын Талғат Айтпайұлынан алдым. Осы сөздерімді дәлелдейтін ағаларым бүгінгі күні ортамызда жүр. Олар Дос Көшім, Болат Дүйсембі. Себебі, ұйымның "Жарғысын", негізгі бағдарламасын, Үндеуді жазуға көмек берген осы кісілер.

Ол кезде мен «Ұлттық париоттық «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры едім, бұл 2006 жыл. Бірінші Құрылтай жиналысым 2008 жылдын мамыр айының 27 күні Алматы қаласындағы «Алматы» қонақ үйінде  өтті. Зиялы қауымнан Құрылтай жиналысына  келгендер  Мұхтар Шаханов, Амалбек Тшан, Рысбек Сәрсенбайұлы, Дос Көшім, Совет-хан Ғаббас, Бейбіт Қойшыбаев, Болат Дүйсембі, Жұмаш Көкбөрі. Келген адамдардың түскі тамақтары мейрамханада ұйымдастырылды. Еліміздің сегіз облысынан келген  желтоқсаншылардың жол ақылары, тамағы, қонақ үй орындарын мен төледім. Құрылтай жиналысынан кейін ұйымның құжаттарын дайындап  Астана қаласына барып тіркеу комитетіне өткіздім. Тіркеу қиын болды. Бұл жағдайды Гүлмира Тойболдина білуі керек. Тіркеу жеті айға созылды. Өз басым Астанаға 5 рет барып қайттым. Жол шығынын өзім төлеуге тура келді. Мені төраға етіп сайлаған соң, менің төлеуім керекті сияқты болып көрінді. 2009 жылдын наурыз айының 27 күні «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ ҚР ӘМ ресми тіркеуден өтіп, ұйым заңды күшіне енді. Республикалық денгейде тіркеуден өткен соң, заң жүзінде еліміздің сегіз облысынан филиалдар ашу керек болды. Арада бір жыл өткізбей жүгіріп жүріп филиалдардың құжаттарын дайындап екі қалалық, алты облыстық филиалдарды тіркеуден өткіздім.  Филиалға шыққан шығындарды өз қаражатымнан төледім. Алматы қаласынын ішкі-саясат басқармасында  «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ жетінші ұйым болып тіркелді. 

Басқа алты ұйымның есігін қаға алмай, өздерін желтоқсаншы қатарына тіркеле алмай жүргендердің саны 200 адамдай қатарымызға жиналды.  «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ атына тіркеліп, ұйым атынан куәліктер алып мен желтоқсандықпын деген аттақа ие болды. Ақтала алмай жүргендер ұйымның көмегімен ақталып жатты. Ұйым 2012 жылы Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Сәбира Мұхамеджановаға, 2013 жылы Ләзәт Асановаға, 2014 жылы Сұлухан Назароваларға жерленген жеріне және оқыған оқу орындарына мәнгілік ескерткіштер орнатты. 2013 жылы ұлтымыздың мақтан тұтатын тұлғалары  Абылайханның 300 жылдығына, 2015 жылы Райымбек батырдын 310 жылдығына, Мұқағали Мұқатаевтын 80 жылдығына, 2012 жылы Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына, 2010 жылы Аңырақай шайқасынын 180 жылдығына, 2016 жылы Қарқара көтерілісінің 100 жылдығына, арнайы супер марофондар ұйымдастырылып өткізілді. Өткізген іс-шаралардың шығынын жанымдағы желтоқсаншы азаматтар төледі.

2009 жылдан бастап жыл сайын 31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін күнін еске алу күніне орай «Алматы-Жаңалық арасында марофон өткізіп отырамыз. Осы бағытта істелініп жатқан жұмыстарымызға қаншама қарсылықтар болды. Бәріне қарамай, жұмыстарымыз «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ "Жарғысына" сай өткізіліп отырды. Ішімізден, өзімізге қарсы шыққан адамдармен бірге басқа ұйым басшылары да болды. 2012-2014 жылдар аралығында Жексембаев Жақсылық, Жапашева Ләззәт, Бейсенбаева Жұлдызай,  Әділханов Халелхандар бастаған топ ұйым төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы ұйымның ақшасын жеп қойды деп Астана қаласындағы «Адам құққық қорғау» орталығына, Алматы қаласының «Қаржы полициясына», Алматы қаласының Экономикалық және жемқорлық» басқармасына, Алматы қаласының Түрксіб аудандық, Алматы қалалық кассациялық соттарына жала арыздар жазып, мені сотқа берді. Жазған арыздарының дәлелдемелері сотта өз дәлелдемелерін таппағандықтан барлық сот шешімдері мен жаққа шешілді.

Жалған арыз жазушы Жақсылық Жексембаевтың тобына, сот барысында прокурорлар "неге өздерің ұйым құрып алмайсындар?" дегендей болды, оған жауаптары болмады.  Арыз жазушылардың мақсаты мен отырған орынтаққа отыра салу. Өздері ұйым құра алмады, менің қаражаттыммен құрылған ұйымға аш кенеше жабысты.  «Дайын асқа тік қасық» деген арам ойларын іске асырмақшы. «Аққа құдай жақ» дегендей барлық сотты жеңіп шықтым. Тынышталған болар деп жұмысымды жалғастыра бердім. Айтқан сөздеріне мән бермеуге тырыстым «Ит үреді, керуен көшеді» деген қағиданы ұстанып отырдым. Істелініп жатқан істеріміз қазақ болашағына керектігін түсіндім. 2016 жылдың қыркүйек айында ШҚО Аягөз қаласындағы «Ардагер» саябағында Тәуелсіздігіміздін 25 жылдығына тарту ретінде «Желтоқсан – 1986 жыл» ескерткішін қойдық. 2012-2016 жылдар аралығындағы істелініп жатқан жұмыстарымыздың 100 пайызына Жексембаевтың тобы араласқан емес. Олармен 2012 жылдың шілде айынан бастап байланысымыз үзілді. Ұйымнан өз еріктерімен кетті.

2016 жылдын мамыр айының 19 күні ҚР ӘМ Тіркеу комитетінде «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ басшысына байланысты өзгеріс болғандығын білдім. Тағы да Жақсылық Жексембаев бастаған топ мен білмейтін жиналысты өткізіп, сыртымыздан жалған құжаттар жасап, тіркеу комитетінен тіркеуден өтіпті. Біздің сыртымыздан ұйым басшысы етіп Құрымбаев Болат деген беймәлім адамды төрағалық орынға сайлаған. Құрымбаев Болат төрағалық орынға таза жолмен келмеді, біз оны біліп отырмыз. Бұл істері әрине кез-келген азаматтың намысына тиеді. Себебі Құрымбаев Болат бастаған топ, біздін еңбегімізді және кеткен уақытымыз бен деңсаулығымызды ұрлап алғандай болды. Өз басым Құрымбаев Болатты танымаймын. 2016 жылдын сәуір айында Құрымбаев Болаттың ұялы телефонын алып, ұйымға байланысты әділ жиналыс өткізіп, кім төраға болатындығына ұсыныс жасап, кездескен едім. Ол менің сөздеріме құлақ аспады. Астана қаласына жасырын барып ұйым төрағасы болуға асықты.  Енді азаматтық тұрғыда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?  Бүгінгі күні Ж.Жексембаевтардың тапсырған жалған құжаттары Тіркеу комитетінен алынып, сот отырыстары өткелі жатыр. Тіркеу комитетіне тапсырған құжаттары  жүз пайыз жалған екендігіне көзіміз жетті.

Ұйым мақсатына 9 жылдай тапжылмай еңбек еттім, ыстығына күйіп, суығына тоңдым.

Құрметті оқырман қауым! 2017 жылдын наурыз айының 1 күні сағат 12-00 де Алатау ауданында сот отырысына келіңіз, шыңдықты білемін дейтіндерге қарсылығымыз жоқ! Шындықты айту, жазу парызымыз.

Ізгілік-ниепен Б.С.Нүкен, «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің  төрағасы        

Abai.kz                    

0 пікір