Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 4830 0 пікір 28 Ақпан, 2017 сағат 10:20

ЖАҚСЫЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖҮР

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар талдықорғандық «Асар» авто-еркітілер қозғалысына үн қосыпты, - деп хабарлайды өңірдегі тілшіміз. Авто-еркітілер қозғалысы Елдос Баялышбаевтың бастамасымен ақпан айының басында құрылған. Жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұрысын жеңілдетіп, қажетті жеріне жеткізуді көздейді. Бүгінде жиырмаға жуық еркіктілердің басын қосқан бастамаға Жақсылық Омар да өз үлесін қосып, алғашқы жолаушысын сұраған жеріне жеткізіп берді.


– Шынымды айтсам, менің сұранысыма облыс әкімінің орынбасары келеді деп, үш ұйықтасам да, түсіме кірмейтін. Диспетчерге қоңырау шалып, өтінімді қалдырғаннан кейін араға жарты сағат салып, көлік есік алдына келгендігі жайлы хабар келді. Аяңдап шыққанымда облыс әкімі табалдырықтан тосып алды, - дейді І топтағы мүгедек Мирас Мүрсәлі. – Жол бойы қаладғы әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жайлы сөз өрбітіп жол қысқарттық, - деген жолаушы жоба авторларына өз алғсын жеткізді.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар осы арқылы шаһар белсенділерінің бастамасына үнқосушылар қатарын көбейтуді көздейтіндігін айтты.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күнделікті көлік қызметін ұсыну үшін уақыт тапшы. Дегенмен, айына бір рет арнайы уақыт бөлуді көздеймін. Игі іске қаламыздың өзге де азаматтары үн қосып, мүгедектерге қол ұшын созады деп сенемін», - деген Жақсылық Омар жолаушысын қалаған жеріне жеткізіп салды.

«Асар» авто-еркітілер қозғалысы бүгінде жиырмаға жуық жүргізушілердің басын біріктірді. Бүгінгі таңда тағы оншақты еріктілердің сұранысы қарастырылуда. Жоба авторларының сөзінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет атқаратын көлікке білгілі талап қойылады. Бастысы, темір тұлпардың сыйымдылығы, жүргізушінің өтілі жіті назарға алынады.     

Abai.kz

 

0 пікір