Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6660 0 пікір 28 Ақпан, 2017 сағат 13:25

Сирияда "Әл Қаида" басшысының орынбасары өлтірілді

Сирияның солтүстік-батысында АҚШ әуе күштерінің соққысы нәтижесінде "Әл Қаида" террористік ұйымы жетекшісінің орынбасары Ахмед Хасан Әбу әл-Хайр әл-Масри өлтірілді. Бұл туралы SITE сайты хабарлады.

The Guardian мәліметі бойынша, әл-Масри 26 ақпанда өлтірілген. Дүйсенбі күні Пентагон Сирияның осы ауданында әуе соққысын жасағанын растады, бірақ соққы мақсатын жасырып қалды.

"Джебхат Фатх аш-Шам, идеологиясы жағынан "Әл Қаидаға" жақын топ, әл-Масридің өлгенін растады. Жекелеген жиһадшылар да бұл ақпаратты растады, деп жазды басылым.

Қаңтар айында Пентагон әуе соққылары нәтижесінде "Әл-Қаиданың" екі жетекшісі - Мохаммад Хабиб Буссадун әл-Туниси мен Абд әл-Джалиль Әл-Муслимидің көздері жойылғанын мәлімдеді.

Абай ақпарат

0 пікір