Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 5453 1 пікір 28 Ақпан, 2017 сағат 15:58

ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИДЕ ҚОЛА МЕДАЛІН ЕНШІЛЕГЕН ҚАЗАҚ СПОРТШЫСЫ.

Дюссельдорфта (Германия) дзюдодан 2017 жылғы Әлемдік Гран-придің алғашқы кезеңі аяқталды. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан бір қола медальға қол жеткізді.  Қазақстандық дзюдошы Ержан Шынкеев (+100 кг) кіші финалда Риода өткен 2016 жылғы Олимпиада чемпионы чехиялық Лукаш Крпалекті "вазаримен" ұтып, қола медаль алды. Бұл сенсациялық жеңіс болды.

Күндізгі сессияда Шынкеев бразилиялық Руан Искэрдоны ("иппон"), грузиялық Адам Окруашвилиді ("вазари") жеңген болатын. Алайда жартылай финалда жапон балуаны Хисаеши Харасаведен ұтылып қалған еді ("иппон"). Бірінші жұбату сайысында қазақстандық спортшы украиналық Яков Хаммодан басым түсті ("иппон"). Ержан Шынкеев - әлемдік Гран-при кезеңінің жеңімпазы (2016), "Қазақстан барысы" турнирінің күміс жүлдегері (2013), әлемдік Гран-при кезеңдерінің күміс (2013) және қола жүлдегері (2017), Азия чемпионаттарының төрт дүркін қола жүлдегері (2011, 2013, 2015, 2016), Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері (2011), жазғы Универсиаданың қола жүлдегері (2009). Спортшы әлемдік рейтингте 25-орында тұр.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616