Жұма, 29 Наурыз 2024
Қауіп еткеннен айтамын 3930 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 11:19

ЖЕЛТОҚСАН ҰЙЫМДАРЫН САУДАҒА САЛМАҢЫЗДАР

Қазекем: «Адамның сөзіне аспандағы бұлт та айналады» деген ғой. Мен сол бұлттай болдым. Abai.kz ақпараттық порталының 27-ақпандағы санында жарияланған «Желтоқсаншының ащы шындығы» деген мақаланы (Б.С.Нүкенов жазған) көріп, «ащы шындықты нар тәуекелмен айтқан екен» деп риза болып, оқып иланып, құптап, оған қарсыларға қаттырақ пікір жолдап едім.  

Кейінгі пікірлерді оқып және өзіме телефон шалған адал азаматтардың айтқандарын түсініп, нағыз шындыққа көзім жетті. Содан түйгенім: Бейсенғазы Нүкенов сужұқпастың көкесі екен! Желтоқсан мәселесін бүлдіріп, өтіріктен шалап жасап жүр екен. Соны білген соң порталда жазған ойымның ағаттығына өкіндім. Сол үшін «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының төрағасы Болат  Інім Құрымбаевтан, оның әділ ісін қостап, қажымай  көмектесіп жүрген Айша, Жұлдызай, Гүлмира қарындастарымнан, таза жанды басқа желтоқсаншы іні-қарындастарымнан да кешірім өтінемін! Қазекем: «Білмеген  у  ішеді» деген де ғой, мен де ойда жоқта сондайға ұшырап, Нүкеновтің  сылдыр-судыр сөзіне сеніп қалыппын. Ойпыр-ай, шімірікпес «шешендердің» түр-түрі бар екен-ау!..

Құрметті желтоқсаншылар! Абай атамыздың: «Бас-басына би болған...» дегеніндей, қазақ тарихындағы Желтоқсан көтерілісі мәселесін бұрмаламай, бірнеше ұйым құрып саудалай бермей, марқұм желтоқсандықтардың аруағын, тірілердің өздерін сыйлап, бірден-бір адал орталық болуды ұйғарған «Желтоқсан ақиқаты» ұйымын қолдаңыздар, оның төрағасы ҚҰРЫМБАЕВ  БОЛАТПЕН қанаттас болыңыздар! Өйтпесеңіздер, Желтоқсан көтерілісін заң жүзінде әділ бағалауға селқос болып, былтырғы 30 жылдығында тіпті ләм-мим демеген билік сіздерді бірте-бірте шілдей тоздырып жібереді, - ойланыңыздар!

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618