Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Билік 16453 0 пікір 2 Наурыз, 2017 сағат 23:47

БҒМ-НЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ БАЯНДЫ ТЕСТҚА КІРГІЗГЕНІНЕ МӘЗ

Abai.kz ақпараттық порталы биылғы ҰБТ сұрақтарында "Баян Мақсатқызы неге жүр?" деген мәселе көтерген болатын. 1-ші қаңтардан бастап жаңа форматқа өзгертілген ҰБТ-ның сұрақ-жауаптарында Баяннан бөлек талай әртіс-шоумендердің аты аталғанын жазған болатынбыз. Ал қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан «Оқу сауатылығы» пәнін ойға келмейтін сұрақтармен толтырған Ұлттық тестілеу орталығындағылар болса, жастарды шоуға тарттық деп мәз, тіпті біздің бұл сынымызға пысқырып та қарамайтынын мәлімдеді.   

Жылда реформа жасамаса көңілі көншімейтін Білім министрілігі биылдан бастап Ұлттық тестілеуден қазақ тілі мен әдебиетін алып тастаған. Қаңтардан енгізілген сол ереже, емтихан басталмай жатып қып-қызыл дауға қалды. Өйткені, оқушы түгілі шоу-бизнесте жүргендердің өзін шатастыратын сауал көп. 

КТК арнасына ресми жауап берген Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов былай дейді:

- Біз мұны білдік, осындай болатынын. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіндердің қызығушылығын көтеру үшін жасалып отыр.  Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай  туралы сұрақ та бар.  Олар киноматография, кино саласы дамуы  туралы өзінің ой-пікірін көрсеткен.

Бұған Сіз не дейсіз? Білім министрлігі кінәсін түсініп ақтала ма десек, бүкіл Қазақстанды шулатқан мәселеге миығынан күліп қарап отырғанға ұқсайды. 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір