Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
5345 0 пікір 3 Наурыз, 2017 сағат 13:10

БАЯН МЕН НҰРТАС ҰБТ-ҒА "ҚАТЫСПАЙДЫ"

БжҒМ-нің жанындағы  Ұлттық тестілеу орталығы ақпарат және сараптау бөлімінен Abai.kz ақпараттық порталына  Оқу сауаттылығы бойынша  жарияланған мақалаға орай http://abai.kz/post/view?id=12915 түсіндірме жауап хат келді. Аталған орталық түсіндірме хатында «Қоғамда шу тудырып отырған тест тапсырмасы тек сынама (байқау) тестілерінде ғана кездеседі. Қазіргі уақытта аталған сұрақ сынама (байқау) тест тапсырмалары базасынан алынып тасталды» дейді.

«Бұдан кейін кино түсіремін бе, білмеймін...» 1 наурыз 2017 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мәтін туралы түсіндірме:

 

1)      халықаралық тәжірибе бойынша оқу сауаттылығын бағалауда әр түрлі форматтағы мәтіндер қолданылады. Бұл жалпылама және жалқы мәтіндер. Жалпылама мәтіндерге бір дүниені көркем-әдеби тілде суреттеу және техникалық сипаттамасын жасау, белгілі бір тақырыптарды талқылау, баяндау, ол туралы пікірін, көзқарасын білдіру жатады. Жалқы мәтіндерге ақпараттық парақшалар, хабарландырулар, шақырулар, кестелер және графикалар, диаграммалар, карталар т.б. кіреді.

2)           байқау сынағында жарияланған «Бұдан кейін кино түсіремін бе, білмеймін» мәтіні жалпылама мәтінге жатады. Педагогикалық өлшем ережелеріне сәйкес, оқу сауаттылығын бағалау үшін мәтіндерді әр түрлі  ашық дереккөздерден пайдалануға болады (кітаптар, сөздіктер, энциклопедиялар, әр түрлі ғылыми-көпшілік сайттар, газеттердегі мақалалар және т.б.) Әлеуметтік желіде сыналған сұрақ бойынша, мәтін белгілі кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновпен сұхбаты пайдаланған.

Дереккөз https://www.dalanews.kz/17266 сайты. Дәл осы сұхбат Республикалық әлеуметтік-саяси газеті «Қала мен дала» сайтында 10.07.2016 жарияланған.

 3) Берілген мәтінде белгілі тұлғаның жеке өмірі туралы сұрақ жоқ. Режисердің отандық кино саласына қатысты жалпы көзқарасы жазылған.

4) Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайдың есімдері сұхбат мәтінінде кездесетіндіктен, №14 тапсырмада дистрактор (бұрыс жауап) ретінде қолданды. Осындай дистракторларды іріктеу әдісі тест тапсырмаларын шығару барысында (тестология саласында) қолданады. Яғни, оқушы мәтінге байланысты қойылған сұрақтарға жауап нұсқалары арасынан өзіне қажетті ақпаратты таба білуі керек.

5) Оқу сауаттылығының сұрақтары келесі дағдыларды сынау үшін арналған: сөз мағынасын түсіну, мәтін құрылымын түсіну, дәлелдер келтіре білу, жеке ойы мен тәжірибесіне сүйене отыра ой қорыту. Мәтін қабілеттерді қалыптастыру, дамыту және тексеру үшін берілген.

Байқау сынақтарының нұсқалары ҰБТ тапсырмалары еліміздің түпкір-түпкірінен табыла алатын, айналымы 200 000 данаға жететін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған. Осылайша, интернет желісіне қолы жетпейтін, онлайн байқау сынағынан өтуге мүмкіндігі жоқ алыс түкпірдегі  аймақтардағы оқушыларға жаңа формат бойынша ҰБТ-ға дайындалу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған газет арқылы оқушылар ҰБТ-да кездесетін тапсырмалар үлгілерімен танысып, емтиханға дайындала алады.

Abai.kz
0 пікір