Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 7978 0 пікір 6 Наурыз, 2017 сағат 12:38

ӘКЕ САҒАДИЕВ НЕ ДЕЙДІ?

Өткен аптадан бері әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыға түскен тақырып - "Сағадиев реформасы" болды. Жоғарғы оқу орындарында мамандықтар даярлау классификаторының жаңартылған нұсқасына "қазақ тілі", "қазақ әдебиеті", "шығыстану", "лингвистика" секілді бірқатар мамандықтардың енбей қалуы жұрт назарын аударып, БжҒМ-дағы біраз түйткілді мәселелер сөз болып, министр Сағадиев сынның астында қалды. 

Осыдан кейін үш күн дегенде министр Сағадиев мырза бейне жазба жариялап, академиктердің "өтірікші" екенін айтты. Сөздерін жоққа шығарды. 

Осыдан кейін, ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов мырза ақын, көсемсөзші, qazaquni.kz сайтының құрылтайшысы Қазыбек Исаны "жалған қол ұйымдастырды" деп айыптады. 

Бұл арада бізбен хабарласқан БжҒМ-нің өкілі  Сағадиев мырзаның"Abai.kz" порталына сұхбат беретінін айтты. Біз күні бүгінге дейін министрден жауап болып қалар деп күтіп отырмыз. Ал, министрге қатысты мәселеге келсек, ол ушығып барады. Неге десеңіз, әлеуметтік желі белсенділері мен қоғамның сергек ойлы азаматтары министр Сағадиев мырзаның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Министр қоғам белсенділерінің бұл талабына байланысты  "Назарбаев айтса ғана қызметімнен кетемін" деп жауап берді. 

Ерлан Сағадиевті жұрт білім саласына көлденең келген адам дейді. Рас па? БжҒМ тізгінін ұстаған министр Ерлан Сағадиевтің әкесі академик Кенжеғали Сағадиев ақсақал Елбасының қабылдауында жиі болып тұратын тұлғалардың бірі... Соны ескеріп, әрі соңғы жайттарға қатысты Кенжеғали Сағадиев мырза не айтар екен деп, хабарластық.

"Айналайын балам, мен әке болған соң, менің пікірім обьективті болмай қалуы мүмкін. Менен де басқа пікір алатын адамдар бар ғой. Ал Мәмбет Қойгелді, Айгүл Ісмақоваларға келсек - олардың әрқайсысы өз пікірлерін айтуға құқылы. Айтсын. БжҒМ-дағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілім толады", - деп шорт кесіп, телефон тұтқасын қоя салды, әке Сағадиев. Міне, осылай.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559