Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3640 0 пікір 9 Наурыз, 2017 сағат 11:28

КЛАССИКТІҢ БӘРІ БАЙ-ҚУАТТЫ ЕЛДЕН ШЫҚҚАН ЖОҚ

Сыншылар тарапынан бүгінде әдеби-көркемдік өлшемнің қарапайым талаптарының өзі түсіндіріліп жатқан жоқ. Оның екі түрлі себебі бар секілді.

Біріншіден, бүгінгі күнге дейінгі 80-ге жуық жылдық тарихымызда идеологияланған насихаттық әдебиет бізде гүлденіп дамыды. Оның сарынынан әлі арылып кете қойған жоқпыз. Оқырманның да, жазушының да санасынан ескі көзқарас өшіп кетті деуге ауыз бармайды. Тіпті, сатира секілді кейбір жанрларда 1930 жылдардағы большевиктік үгіт-насихаттың тұрпайы тәсілінің өзі ерекше қатты сақталған. Оны сахнада тұрып алып ұрандатып, жұртқа ақыл айтып, бата беріп жүрген «театр» атын жамылған «тамадалық» әртістердің әрекетінен анық аңғаруға болады. 

Екіншіден, өткен ширек ғасырда құндылықтар алмасып, дүниетанымымызда өзгеріс пайда болды деп жатамыз. Бірақ, оның қалай өзгеріп, қаншалықты қалыптасып жатқанын анықтап көрсетіп жатқан зерттеушілер мен сыншылардың қарасы көрінбейді. Тұрмыс ауыр, әлеуметтік жағдай төмен, экономикалық дағдарыс тереңдеді дегендей сан сылтаумен әдеби процестің тоқырауын ақтап ала алмайсың. Қазақ баласы «ораза-намаз тоқтықта» деп айтқанымен, дәл мұны әдебиетпен байланыстыруға еш негіз жоқ. Әлемді дүр сілкіндірген роман жазған, оқырманын таңдай қақтырған атақты жазушылар бай-қуатты елдерден шығып жатқан жоқ.

Қуандық Шамахай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559