Жұма, 19 Сәуір 2024
Экономика 4383 0 пікір 17 Қараша, 2016 сағат 12:04

АЛМАТЫ - БИЗНЕСТІҢ ҚАЛАСЫ

Алматы қаласындағы Ұлттық ғылым академиясында «Urban forum Almaty 2016» конференциясы өтті. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиын 5 аспектіге негізделген. Қаланың ақпараттық келбеті, экологиялық тазалық, жасыл аймақтар, инфрақұрылымдық әм архитектуралық көркемдік,  постиндустриалды мәдениет және бизнес пен экономика секциялары бойынша отандық және шетелдік мамандар арнайы дәрістер жүргізіп, Алматы қаласындағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған тың жобаларды ұсынды.

Әсіресе конструктивті даму, жағымсыз факторларға қарсы күрес, ішкі және сыртқы ресрустарға тәуелділіктен арылу секілді мәселелерді қамтитын «Resilience» концепциясы Алматы қаласындағы  шағын және орта бизнес өкілдері үшін айтарлықтай маңызға ие.

Осы тұрғыдан Алматы қаласындағы «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсет Абдуллаев қалалық әкімшіліктің шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын айтты.

Әсет Абдуллаев, «Алматы даму орталығы» АҚ басқармы төрағасы:

-Айта кету керек, Алматы қаласы әкімшілігі шағын және орта бизенсті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Өздеріңіз білетіндей Республикамыз бойынша бизнесті қолдауға арналған Мемлекеттік бағдарламасында Алматы, Шымкент, Астана және Ақтөбе қалаларына басымдық берген. Қазірдің өзінде қаламызда түрлі стартап жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, бюджеттен 1,5 миллиард теңге шағын және орта бизнесті қолдауға бөлініп отыр. Енді кәсіпкерлер немесе стартап жоба авторлары бұл көмекті қалай алады деген заңды сұрақ туады. Оның бірнеше жолы бар. Бірінші, Мемлекеттік тапсырыс арқылы материалдық, қаржылық демеушілік ала алады. Ол дегеніңіз тендер. Мемлекеттік тапсырыспен тендерге қатысып, жобаның тиімділігін дәлелдеу керек. Екінші жолы басқарушы органдар арлықы қолдауға ие болу. Бұның жарқын мысалы «Алматы паркинг» және «Оңай» жобалары. Бұрындары қала көшелеріне немесе жабайы паркингтерге көліктерін қойып, ол үшін төленген қаражат әркімнің қалтасында кетіп жататын болса, қазір бұл біріздендірілді. Енді белгілі бір компания паркингке жауапты. Терминалдар арқылы төлетенін ақша айналымда болады және ол бірден Мемлекеттік кіріс департаментінің бақылаунда болады. Демек, салық та төленеді, кәсіпкер де өзіне тиісті үлесіне ие болады. Дәл сол секілді «Оңай» төлемдер жобасын айтуға болады.

Осындай жобаларды әкімшілікке, бізге ұсынатын болса, әрине біз қолдау көрсетуге даярмыз. Тек бизнес жеке пайдағы емес, әлеуметтік маңызға ие болуы керек. Сонда ғана экономика да басқасы да дамитын болады.

Айта кету керек, Алматы қаласының жалпы ауданы соңғы 5 жылда 3,5 есеге өскенін ескерсек, қала потенциалына Наурызбай, Алатау аудандары қосылды. Мұның сыртында Алматының іргесіндегі Қаскелең, Талғар, Алғабас, ГРЭС бар. Демек, Алматыда кәсіпкерлікпен айналысуға үлкен мүмкіндіктер бар. Мегаполистегі 1,5 миллионнан астам тұрғын мен ресми тіркелмеген,  миграттарды қосқанда 2,5 миллионнан асатын нарық тағы бар.

Айта кетейк, «Urban forum Almaty 2016» конференциясын ұымдастырушылар Алматы тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіпті. Онда қаладағы Тастақ, Шаңырақ және Орбита ықшам аудандарының 1200 тұрғыны қатысып, өз аудандарындағы жұмыс орындарының тапшылығын айтқан. Респонденттердің 3/1 бөлігі кеңсе қызметтеріне ауысқылары келетін көрінеді.

Джеймс Г. (Джим), Клемсон Университетінің профессоры, АҚШ:

-Қазақстанның жылдам дамып келе жатқан қалаларында тұрғындарға әм тұтынушыларға  инфрақұрылымдарды, қызмет түрлерінің түр-түрін ұсыну басты назарда болуы керек. Қала басшылығы мұны түсініп отыр. Сондақтан да Алматы шағын және орта бизнестік қаласы деген жаңа лозунгқа ие болды бүгінде. Алматыда бизнеспен айнылысуға барлық жадай жасалған. Тек қорықпау керек. Ерінбеу керек.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір