Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 5218 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 10:12

«...ЫНТЫМАҚТЫ ЕЛГЕ БАҚ ТҰРАР»


Осы күні қытайлар ойыншық мылтықтың түр-түрін шығарып, біздің балалардың қолына ұстатып қойды. Ол мылтықтың ең нашары көз шығарады. Ал, қуаттылары жақын жерден атса, миды тесіп кетеді.

Бұл – ұлт үшін қауіпті-ақ нәрсе. Алпауыт елдер үлкендеріміздің қолына сондай бір сойқан ойыншық ұстатып қойды. Оны – әлеуметтік желі деп атайды. Бұл бәле кез-келген елде көтеріліске мұрындық бола алады. Қазір оған кірмейтін адам сирек. Әлихан Бөкейхан: «...Күшті болу үшін бірлік керек» деген еді, енді бізде бірлік ешқашан болмайтын түрі бар. Өйткені, Абай атам айтпақшы: «Қазақтың ...тірісінің жаманнан аманы жоқ».

Қазір де ұлтты оятқысы, ойландырғысы келген ел жақсы көретін адамға жойқын шабуыл басталады. Оларды отырса – опақ, тұрса – сопақ, сөйлесе – есек, сөйлемесе – кесек қылуға жанын салады. Ол үшін арнайы жасақталған бір топ мың адамның атынан шибөрідей шулап, иттей талайды. Мәселені толық түсінбеген жұрт соған сеніп қалады.

Бәлеқорлар мен жалақорлардың қоғамдық пікір туғызуына бұл «мылтық»таптырмайтын мүмкіндік болды. Сондай сұмдық соғыстың екі жағында тұрған қаракөздеріміздің арасында қандай бауырмалдық сезім, бірлік, татулық, ынтымақ болмақ? Осы бетімізбен сиырдың бүйрегіндей бытырап кеткеніміз кеткен сияқты... Ұлтымыздың дұшпандарының жұмысы көп жеңілдеп қалды. Абай атамның «Қазағым, енді ел болмайсың-ау...» деп айтқаны айдай келді ме деп қорқамын...

Серік Қалиев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір